Механика-математика факультетінің 4 оқытушысы «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды

27.01.2023

Көрулер: 570

    «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Республикалық конкурс комиссиясы өз саласындағы үздіктерді таңдады. Аталмыш жарысқа 71 жоғары оқу орнынан 771 үміткер қатысты. Еліміздің 43 жоғары оқу орындарының 150 оқытушысы байқау жеңімпаздары атанды. Үміткерлердің оқыту сапасы, оқу ресурстарын әзірлеу, жарияланым белсенділігі, өнертабысқа патенттердің болуы және т. б. сияқты көрсеткіштері бағаланды.

     Байқау жеңімпаздарының ішінде механика-математика факультетінің 4 оқытушысы:

  • Берденова Бакытнур Аманбаевна
  • Дәуітбек Достілек
  • Кошанов Бакытбек Данебекович
  • Темирбеков Алмас Нурланович

университеттің білім беру және ғылыми бағдарламалар мен жобаларының жоғары сапасын көрсетті.

  Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

     Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

    «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарын құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеуді тілейміз!