Зарина Туртаева философия докторы (PhD) атанды

23.12.2022

Көрулер: 810

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі Зарина Туртаева "Genesis of AEMFC (anion exchange membrane fuel cell) at the lab scale: from PEMFC’s inks composition toward fuel cell bench tests in alkaline media" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

 


Зарина Туртаева 2018 жылы «Механика» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатты, 2020 жылы «7M07405 - Механика және энергетика» қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады. Магистратураның екінші жылын Францияның Нанси қаласындағы Лотарингия Университетінде оқып, қос елдің дипломдарына ие болды.


2020 жылы алғашқылардың бірі болып докторанттарды бірлесіп дайындауға арналған «Абай – Верн» стипендиясын жеңіп алды. Бұл стипендия Заринаға Францияның Лотарингия Университетінің LEMTA (laboratoire Énergies et Mécanique Théorique et Appliquée) лабораториясында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік берді.


Зарина LEMTA ғылыми-зерттеу зертханасында доктор Feina XU мен профессор Gael Maranzana жетекшіліктерімен жүргізген жұмыстарының нәтижесі бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, бүгінгі күні ғылым докторы PhD атанып отыр.


Құттықтаймыз!