Наурыз мейрамы
26.04.201913 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мейрамы тойланды . Әр факультет өздерінің киіз үйлерін тікті. Механика-математика факультетінің тіккен киіз үйі «MATEMATIKTER AÝYLY» деп аталды.
13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мейрамы тойланды . Әр факультет өздерінің киіз үйлерін тікті. Механика-математика факультетінің тіккен киіз үйі «MATEMATIKTER AÝYLY» деп аталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының магистранттары (барлығы 24 магистрант) Берлин техникалық университетінде (Берлин, Германия) «Халықаралық ғарыш мектебі» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.
Сегізінші семестрде «5В060300-Механика» мамандығының оқу жоспарына сәйкес механика кафедрасының 25 студенті С. А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған физика-математикалық лицейде педагогикалық практикадан өтті.
Сәуірдің 21-де Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы өтті. Оған әлемнің 53 елінен келген 17 мың спортшы қатысты.
2019 жылы 12 сәуірде сағат 14:00-де әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросы және Пан Ги Мун Тұрақты даму институтының қолдауымен Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күніне арналған «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы ғарыш технологиялары» халықаралық ғылыми семинары өтті.
Сегізінші семестрде «5В060300-Механика» мамандығының оқу жоспарына сәйкес механика кафедрасының 25 студенті Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінде педагогикалық практикадан өтті.
Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары университетіміздің "Айналаңды нұрландыр" атты инновациялық бағдарламасы аясында 14-сәуір күні «Фурманов шыңы» бағыты бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Тауды қоқыстардан тазартты. Бұл акцияға Францияның Нанси университетінен (Nansy-Universite) келген профессор Оливие Ботелла да қатысты.
2019 жылдың 7 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне Францияның Нанси университетінің профессоры Оливьер Ботелла іс сапармен келді. Ол өзінің қысқа мерзімді сапары барысында қос дипломдық бағдарлама бойынша механика кафедрасының«Геоэнергетика» мамандығында білім алушы магистранттарға дәріс оқыды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика мамандығының магистранттары – Азамат Асқар, Әбілқас Ақмаржан, Болысбек Дәрежат және Ердеш Елнар AGH Technology and Science университетінде (Краков, Польша) «Modern methods in design and manufacturing of machines» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының бірінші курс докторанттары "Айналаңды нұрландыр" атты инновациялық бағдарламасы аясында 14-сәуір күні «Фурманов шыңы» бағыты бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырады.