Жаңалықтар

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ ДОСЖАН НҰРСҰЛТАН САҒЫНАЙҰЛЫ ЖАПОНИЯДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ БІЛІМІНІҢ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ.

23.09.2022

ҚазҰУ механика кафедрасының аға оқытушысы Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы 2022 жылдың 18-31 тамызы аралығында Жапонияның Токио қаласындағы Tokyo Kenshu орталығында және Nihon университетінде ғарыштық инженерия білімінің әдістері бойынша өткен семинарға қатысып келді.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ 2 КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ ҚОС ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ФРАНЦУЗ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕ ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН АБАЙ-ВЕРН СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

10.09.2022

2022-2023 академиялық жылы үшін бөлінген "Абай-Верн" стипендиясы иегерлері ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Механика-Математика" факультетінің "Механика" кафедрасының «7М05405-Механика және энергетика (UL, Франция)» білім беру бағдарламасының (мамандығының) 2-курс магистранттары Баймағанбетова Шолпан, Өміралиева Нұржауған, Качкинова Азиза, Көдебай Ілияс, Мұхамбетов Қазбек, Жакупов Азимжан, Салкынбеков Дамир және «8D05403-Механика» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Керимбекова Диана да бар.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінде ҚазМұнайГаз (KMG Engineering) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.

15.02.2022

Кездесу барысында екіжақты серіктестік пен мұнай саласына қажетті білім беру бағдарламалары талқыланды. Сәйкесінше студенттер де өндірістік тәжірибені ҚазМұнайГаз компаниясынан өте алады. 

Ары қарай оқу >>

Академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин атындағы шәкіртақы!

27.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының студенттері мен магистранттарына оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін академик Шахбаз Әлімгірейұлы Ершин атындағы шәкіртақы тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасына кітаптар сыйлыққа тартылды!

23.12.2021

Aкадемик Шахбаз Әлімгерейұлының жары ф.-м.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына академик Ш.А. Ершиннің «Ш.А. Ершин. Гидроаэродинамика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 354 бет» атты монографиясын сыйға тартты

Ары қарай оқу >>

Академик Ш.Ә.Ершин атындағы аудитория ашылды

14.12.2021

Механика-математика факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Механика кафедрасының 85 жылдығына,т.ғ.д, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ш.Ә. Ершинның 95 жылдық мерейтойына байланысты және Қазақстан Республикасының атақты механика ғалымдарының қатысуымен академик Ш.Ә. Ершин атындағы аудитория салтанатты түрде ашылды!

Ары қарай оқу >>

РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚАЗҰУ-ДА ОҚИДЫ

14.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан механика-математика факультетінің командасы «ETU Robocon 2021» университеттер арасында робототехника бойынша ІІ республикалық чемпионатқа қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Mеханика кафедрасының ғылыми-зерттеу жетістіктерінің көрмесі

11.12.2021

Академик Ш.Ә.Ершин атындағы аудиторияның ашылуына арналған, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика кафедрасының 85 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шаралар аясында 2021 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Механика кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері бойынша көрме өтті.

Ары қарай оқу >>