Білім министрі Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушыларымен кездесті

12.11.2022

Көрулер: 635

 

Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушылары Асылбек Мырзахметовпен және Нұрдәулет Досмағамбетпен кездесті. Министр әріптестерін Швейцарияда өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE – 2022 робототехника бойынша Дүниежүзілік чемпионаттағы оқушылардың жеңісімен құттықтады. Бұл робототехника чемпионаты әлемдегі ең беделді чемпионаттардың бірі болып табылады. Жеңіс Оқушыларға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Олар әлемнің 167 елінің құрдастарымен бәсекелесіп, ең көп ұпай жинады. Оқушылар үш күн бойы 16 ойын жарысын өткізді, ешқайсы жарыстан жеңілмеді және ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан басқа, Қазақстан құрамасы басқа елдердің командаларына көрсеткен "тамаша қолдауы үшін" Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ робот жасаудағы үздік инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

Жаттықтырушылар Чемпионатқа дайындық және Индонезия, Черногория, Исландия, Перу және Ливан өкілдерінен осы елдердің командаларын келесі жылғы чемпионатқа дайындауға қатысты ұсыныстар туралы айтты.

"Бізде робототехника саласы өте қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге,мұндай ұсыныстардың келіп түсуі біздің жұмысымыздың нәтижелері мен Қазақстанның робототехника саласындағы жоғары позициялары туралы айтады. Министрдің бірден қоңырау шалып, балаларды жеке құттықтағаны қувнышты және күтпеген жағдай болды. Біздің еліміздегі көптеген оқушылар бұл бағытқа құмар. Мектептерде робототехника кабинеттері ашылуда. Министрлік оқушыларды робототехникаға тартуды қолдап, осы қозғалысты дамытып жатқанына қуаныштымын", - деп бөлісті Нұрдәулет Досмағамбет.

 

Нұрдәулет Досмағамбет "Робототехникалық жүйелер"білім беру бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс докторанты. Білім беру робототехникасы және параллель манипуляторлар саласындағы ғылыми зерттеулермен айналысады.

 

Айта кетейік, құрама жаттықтырушылары Қазақстанда робототехниканы одан әрі дамытуға ниетті. Оқу - ағарту министрімен бірге олар осы бағыттағы жұмысты одан әрі талқылады. Асхат Аймағамбетов 2023 жылы робототехника бойынша үлкен халықаралық жарысты өткізуді қолдады.