Хаджиева Л.А. 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпазы атанды

30.01.2023

Көрулер: 635

     2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының қорытындысы жарияланды. Ғылыми-зерттеу институты мен жоғарғы оқу орындарының 50 ғалымы аталмыш байқаудың жеңімпаздары атанды. Механика-математика факультетінің оқытушысы, ф.-м.ғ.д., профессор Хаджиева Леля Азретовна 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпаздарының бірі атанды. Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы растаушы куәлік пен 200 АЕК көлемінде сыйақы алады.

     «Үздік ғылыми қызметкер» байқауы - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғалымдарды қолдауымен әр жыл сайын ұйымдастырылатын шара. Ол ғылым мен техникаға еңбек сіңірген ғалымдарды қолдауға бағытталған.

     Республикалық комиссияның шешімі бойынша еліміздің еңбек сіңірген 50 ғалымына 2022 жылдың «Үздік оқытушысы» атағы берілді.

     Хаджиева Леля Азретовнаны жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеуді тілейміз!