«Айналанды нұрландыр»

3 наурыз 2016 ж биология және биотехнология факультетінің бесінші қабатының фойесін көгалдандыру мақсатында студенттермен бірге бөлме өсімдіктерін егу шарасы ұйымдастырылды. Дұрыс орналастырылған және таңдалған бөлме өсімдіктері адамға психологиялық оң орта қалыптастырып, адамның көңіл күйіне оң әсер етеді. Сонымен қатар кеңістікке өздігінше колорит береді және бөлме өсімдіктерімен жұмыс жасау шығармашылық демалыстың бір түрі. Студенттерді бұл іске баулы өзекті мәселердің бірі, себебі қазіргі қоршаған ортаның ластану деңгейінде аздап болса көгалдандыру ісінде өз үлесімізді қоссақ болашақ ұрпақ тағдырына деген немқұрайлық сезімнен айрыламыз және жастардың бойында экологиялық жауапкершілікті тәрбиелейміз.    

Эдвайзерлер  Садвакасова А.К., Акмуханова Н.Р., Кирбаева Д.К., Кистаубаева А.С. 


Басылым күні :  19.03.2016