«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

16.10.2023

Көрулер: 328

16 қазан 2023ж. күні сағат 14.00-де "Биотехнология" мамандығының 4 курс студенттері және куратор-эдвайзер С.Д. Атабаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбы бойынша кураторлық сағат  өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік сезімін тәрбиелеу. 

Студенттер презентация дайындады. Презентацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде мемлекет жүргізіп жатқан іс-шаралар, сыбайлас жемқорлық әрекеттері кезіндегі жазалау шаралары туралы айтылды. Жас ұрпақтың қоғамдық өмірден сыбайлас жемқорлықты жоюдағы рөлі, жергілікті жерлерде, күнделікті өмірде, тұрмыста, оқуда, жұмыста сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды.