Жапонияның Цукуба университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

02.10.2023

Көрулер: 412

2022 жылдың соңында Цукуба университеті мен біздің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесе отырып, өзара студенттік алмасу бағдарламасын ұсынды. 2023 жылдың басында  конкурс нәтижелері жарияланып, 25 студент іріктеуден өтті. Биология және биотехнология факультетінен екі студент - Тяпкина Евгения мен Халикова Камиля таңдалды. Бұл сапар қалай болғанын баяндауға рұқсат етіңіздер. Әңгімені  университеттің өзін сипаттаудан бастайық.

Цукуба ұлттық университеті Жапонияның Ибараки префектурасының оңтүстігіндегі Цукуба қаласында орналасқан. Университет құрамына колледждер мен мектептердің 28 кластері кіреді, онда 16 мың 586 студент оқиды және 4 мың 601 оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істейді. Цукубаның негізгі кампусы 258 гектар жерді алып жатыр, бұл дегеніміз көлемі жағынан Жапониядағы  екінші үлкен кампус деген сөз. Университет филиалының Токио кампусы Бунке ауданында орналасқан.

Университет студенттері мен оқытушыларының іс-тәжірибесін  арттыруға бағытталған "кампустағы Кампус" жобасы аясында 2023 жылдың 1 наурызынан 31 тамызына дейін "Биология және биотехнология" факультетінің студенттері Цукуба университетінде білім алып, төмендегі пәндер тереңдей оқытылды: Food Process Engineering, Animal Cell Culture Technology, Metabolic and Physiological Chemistry , Clinical Pharmacology, Plant Physiology, Animal Physiology, Practical plant biotechnology.

Университет ұжымы  бізді өте жылы қарсы алды, жатақхана мен стипендия бөлді, сондай-ақ туындаған барлық мәселелер бойынша бізге көмектесетін  куратор тағайындалды. Оқу процесі  өте қызықты өтті, оқытушылар  әр студенттің көңілін табуға тырысып, сабақты барынша мазмұнды өткізуге күш салды.  Сөйтіп 6 айға жуық уақыттың қалай зырлап өте шыққанын білмей қалдық. Әйтсе де бұл  сапар мәдени және ғылыми тәжірибе алмасудың бірегей үлгісі  ретінде біздің есімізде мәңгі сақталары сөзсіз. Тәжірибе  алмасу бағдарламаларын байқап көргісі келетін, бірақ қандай да бір себептермен күмәнданатын немесе өзіне сенімді емес студенттер әріптестеріме тәуекел етіп көріңіздер дегім келеді . Жүз ойлағаннан , бір рет көзбен көрген әлдеқайда артық. Біздің 25 студенттің ешқайсысы бұрын Жапонияны ойы түгілі  түсінде де көрген емес, бірақ сіз бұл қадамға тәуекел еткеннен кейін - әлемнің шекаралары ашылады және сіз өз бойыңдыздағы қабілеттін  қаншалық мол екеніне көзіңіз жете түседі.

Қорытындылай келе айтсақ, Цукуба университеті мен Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ арасындағы академиялық оқу- тәжірибе  бағдарламасы өзара ғылыми және мәдени  байланысты нығайтуға , сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты арттыруға зор үлес қосары сөзсіз. Бұл бастама университеттің жаһандық серіктестікті дамытуға және жаһандық тұрғыда ойлауға қабілетті  болашақ көшбасшыларды дайындауға деген ұмтылысын көрсетеді.