«Ұстаз - ұлы тұлға» атты мұғалімдер күніне арналған кураторлық сағат өткізілді

03.10.2023

Көрулер: 353

2023 жылғы 3 қазан күні сағат 16.00-де  Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының "6В070103 - Биотехнология" мамандығының студенттері және куратор-эдвайзерлер С.Д. Атабаева, С.А. Шоинбекова, С.Ш. Асрандина "Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында шеңберінде «Ұстаз  - ұлы тұлға» атты мұғалімдер күніне арналған кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: жастарды ұстаз қауымына құрмет көрсетуге тәрбиелеу, педагог мамандығын бағалау.

Студенттер қазақ қоғамында ерен еңбек сіңірген ұлы ұстаздарған арналған танымдық прзентация дайындады.  Презентацияда  ұстаз деген ұлы есім екендігі, мұғалімнің мерейі, мәртебесі жайында сөз қозғалды. Студенттердің ойынша, «Мұғалім -  ол  таза еңбекті сүйетін мамандық иесі болып келетінін, елдің надандығымен алысатын адам» деген қорытынды жасалды. Оған қоса, сабақ барысында ұстаз туралы Әл-Фарабидің, Сәбит  Мұқановтың нақыл сөздері келтірілді.

Ұйымдастырушылар: Профессорлар Атабаева С.Д., Шоинбекова С.А., доцент Асрандина С.Ш. және "6В070103" - Биотехнология мамандығының студенттері.