2 қазан күні сағат 15.00 412 аудиторияда "Биотехнология" мамандығының 4 курс студенттері мен топ куратор-эдвайзерлері С.Д. Атабаева, С. А. Шоинбекова және С. Ш. Асрандина қатысуымен қарттар күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.

02.10.2023

Көрулер: 302

Іс-шараның мақсаты ғылымдағы аға буын өкілдеріне тиісті құрмет көрсетіп, еліміздің дамуы мен құрылуына орасан зор еңбек етіп, ерлік жасаған жандарға алғысымызды білдіру болып табылады. Студенттер үлкен өмірлік тәжірибесі бар және оны жас ұрпаққа жеткізе алатын халықтың игілігі болып табылатын еліміздің қарт адамдарына арналған презентация дайындады. Іс шара барысында  жастардың қарттарға құрметі, отбасылық құндылықтардың қалыптасуында үлкен кісілердің рөлі мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қарт адамдарға көмектесу үшін мемлекет өткізетін іс-шаралар туралы айтылды. Қарт адамдарға өлеңдер келтірілді.