Шэньчжэнь университетінің Іргелі медицина ғылымдары мектебінің өкілдерімен кездесу

11.03.2023

Көрулер: 557

Биотехнология Ұлттық инженерлік зерттеу орталығының директоры Шэньчжэнь университетінің іргелі медицина ғылымдары мектебінің деканы, профессорымен 2023 жылы 10 наурызда сағат 15.00-де кездесу өтті.

Кездесудің күн тәртібі: 

1. Танысу

2. Профессор Синчжи Сюй Шэньчжэнь университеті мен Шэньчжэнь университетінің медицина мектебінің презентациясы

3. Университет өкілдеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстыру

4. Ағымдағы студент алмасу және ынтымақтастықтың қосымша мүмкіндіктерін талқылау, атап айтқанда

• Бакалавриат студенттерінің соңғы оқу жылы (Шэньчжэнь университетінде кемінде 3 ай және 1 жылға дейін дипломдық жұмыс)

• Бакалавриат және магистранттарға арналған жазғы мектеп (оқудың соңғы семестрі), басталу күні – 2023 жылдың шілдесі.