2023 жылдың 3 ақпанында Ғылым Ордасында Қазақстанның үздік ғалымдарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үздік ғалымдарға гранттар, дипломдар, төсбелгілер және сертификаттар табыстады.

03.02.2023

Көрулер: 486

Байқау нәтижесінде 35 жасқа дейінгі 50 жас дарынды ғалым мен Қазақстанның 25 жетекші ғалымы мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды. Соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының меңгерушісі Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды. Бүгінгі күнге дейін Қыстаубаева А.С. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырудың жоба жетекшісі, Scopus және Web of Science ғылыми-метриялық деректер базасындағы 27 ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы, Хирш индексі – 6 тең.