Жоба, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы - Болатхан Кенжегүл
22.09.2020
Көрулер: 1877
Жоба атауы:« Микробалдырлардың белсенді штамдары негізінде биодизель алу тeхнологиясын өңдeу».
Жобаның жeтeкшісі – Болатхан Кенжегул
Жоба тақырыбының өзектілігі: Жоба негізінде биодизель өндірісі үшін липидтердің жоғары құрамымен сипатталатын микробалдырлардың жаңа дақылдарын іздеу жұмыстары жүргізілуде. Микробалдырларды альтернативті энергия алуда шикізат ретінде қолдану қолайлы балама болып табылады, өйткені микробалдырлар планетадағы май қышқылдарының ең тиімді биологиялық өндірушілері, сонымен қатар биомассаның әмбебап жаңартылатын көзі болып табылады.
Бұл жоба микробалдырлардың белсенді штаммдары негізінде биодизель алу технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынады.






