“Ғылымға әркімнің-ақ бар таласы...” тақырыбнда 3-курс студенттерімен кездесу өтті

13.11.2023

Көрулер: 309

“Ғылымға әркімнің-ақ бар таласы...”. 8.11.2023 күні осындай атаумен “Есептеу ғылымдары және статистика” кафедрасы оқытушы-профессорлар құрамы мен 3 курс студенттерінің кездесуі өтті. “Кездесудің негізгі мақсаты – студент жастарды ғылымға тарту, кафедра ғалымдарының ғылымдағы тыныс-тіршілігімен таныстыру” – деп бастады жиынды жүргізуші, факультеттің аға куратор-эдвайзері Болат Әбенов – “Қазір елімізде отандық ғылымға зор көңіл бөлініп отыр, жақсы жаңалықтар көп. Бұрын ғылыми байқаулар 3 жылда бір рет болса, қазір жыл сайын 3-4 рет өткізіліп жатыр. Ғылымғы келген жастарға да қолдау қомақты”.

                                        

Жиынға қатысқан кафедраның жетекші ғалымдары, профессор-доценттер: С.Т.Мұхамбетжанов, Л.К.Жұманова, С.Е.Касенов, А.С.Жұмәлі өздері айналысып жүрген ғылыми бағыттармен таныстырып, сол салаларда шешілмеген мәселелерге тоқталды. Кешті қорытындылаған кафедра меңгерушісі, доцент А.Н.Темірбеков жастарға ҚазҰУ-дің 2022 жылдың шілде айынан бастап зерттеу университеті мәртебесін алғанын, мұнда әлемдік деңгейде ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтып, сабақтан босай алмаған профессорлардың өкініші мен өтінішін, пайдалы кездесудің әлі де жалғасатынын жеткізді.