"Біз де студент болғанбыз"

23.11.2023

Көрулер: 337

     Халықаралық студенттер күні қарсаңында (15 қараша күні) механика-математика факультетінің деканы, ф.-м.ғ.д., профессор У.С.Әбдібеков бастаған оқытушы-ғалымдар, т.ғ.д., профессор Ш.А.Джомартова, ф.-м.ғ.к., профессор Т.Е. Елдесбай, ф.-м.ғ.д., профессор С.Т.Мухамбетжанов пен аға куратор Б.Қ.Әбенов №6 Студенттер үйінің тұрғындарымен «Біз де студент болғанбыз» атты кездесу өткізді. Кездесуге келген қонақтар студенттік шақтарын еске  түсіріп, бастарынан өткен қызықты да күлкілі жағдайларды айтып берді. Өздерінің бүгінгі ғылыми дәрежелері мен атақ-мансаптарына қалай, қандай еңбекпен жеткендерін жеткізді.