Механика-математика факультетінде кураторлық сағат өтті

13.11.2023

Көрулер: 292

     10.11.2023 күні механика-математика факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ә.Джомартова мен аға куратор-эдвайзер Б.Қ.Әбенов кафедралардың аға кураторларымен және студенттік топтар кураторларымен кезекті бас қосу шарасын өткізді. Кездесуде кураторлардың оқу жылының алғашқы екі айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алда тұрған жаңа міндеттер түсіндірілді.