Сегіз жылдан кейінгі жаңа кездесу

27.11.2023

Көрулер: 371

     Анығында араға 8 жыл 6 ай салып қараша айының 17-жұлдызында механика-математика факультетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Қызыл залына қайта оралған атақты қазақстандық спортшы, мемлекет қайраткері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия, Еуропа құрылықтарының чемпионы, ережесіз жекпе жек бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Ақпараттық технологиялар және Механика-математика факультеттерінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамымен тағы кездесті.

                    

     Лық толған залда өткен қызықты жүздесу екі сағатқа созылды. Бүгінде жігіт ағасы жасына жеткен чемпион өзінің даналығы артқанын, көп оқитындығын, ұлтымыздың тарихы мен әдебиетін, мәдениетін, ұлы тұлғалардың өмірбаянын, ерлігі мен қайраткерлігін, мемлекет аралық шиеленістер дауларын шешудегі шешендік өнерін жақсы білетінін танытып, ақылгөйлігін көрсетті. Кеш қонағының ақыл-кеңесін білімгер жастар да, оқытушы-ғалымдар да ұйып тыңдады, көрермендер мен жастарды рухтандырып, жігерлендіретін тамаша сұхбат болды.

                

    Кездесуге келген мақтанышымыз Ардақ Назаров пен осы шараға дәнекер болған, механика-математика факультетінде оқып, 2018 жылы жаңа ашылған ақпаратттық технологиялар факультетін тәмәмдап шыққан түлектер – қоғамға миллиондаған сомаға үлкен қайырылымдық көрсетіп жүрген блогер Бақдәулет Құдайқұл мен қоғам белсендісі Әлібек Қызайбайға факультет ардагері Болат Әбенов алғыс айтып, ақжарма тілектерін жеткізді және бұдан 8 жыл бұрын өзі ұйымдастырған кездесуден естелік фотолар мен төл туындылары енген жыр жинағын ұсынды.