Механика-математика факультетінде ашық есік күні өтті

16.11.2023

Көрулер: 300

     Механика-математика факультеті 2023 жылғы 13 қараша күні “INNOVERSE TALDYQORGAN” жеке меншік мектебінің өтініші бойынша аталмыш мектептің оқушыларымен ашық есік күнін өткізіп, кәсіби бағыттау жұмыстарын жүргізді және мектеп түлектерін университет кампусы мен мұражайларын аралатты.

                           

    Оқушыларды алдымен факультет ғимаратының Қызыл залында қарсы алған аға куратор Б.Қ.Әбенов пен доценттер С.Ж.Маусымбекова, А.К.Ералиев және оқытушы А.Серік  кәсіби бағыттау жұмыстарын бірден бастап кетті.

   Талапкерлерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен факультеттің тарихы, құрылымы, білім беру бағдарламалары, оқыту деңгейлері, ғылыми және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы толыққанды мәліметтер беріліп, студенттерге көрсетілетін мәдени және әлеуметтік қызметтер мен жасалатын жеңілдіктер, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру жұмыстары, олардың өзін өзі басқару қағидалары жөнінде баяндалды.

                   

     Модераторлар мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап беріп, университеттің мақтанышы болып табылатын Фараби кітапханасы, Студенттер сарайы, Ыстықкөл жағасындағы сауықтыру лагері, Д.Баландин атындағы жүзу бассейні, спорттық-сауықтыру кешені, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы туралы айтты, академиялық саясат, «Univer» жүйесі, кураторлар жұмысы жайын сөз етті. Кездесу соңында оқушылар аталған нысандарды аралап, әл-Фараби музейімен танысты.