«Қызыл орамалды Шынарым» спектакльі

16.11.2023

Көрулер: 446

     Қарашаның 14 күні механика-математика факультетінің студенттері кураторларымен бірге Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақ Мемлекеттiк академиялық Балалар мен жасөспiрiмдер театрына, белгiлi қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менiң, шырайлым менiң» повесiнiң негiзiнде сахналанған «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымын тамашалап қайтты.

    Қарапайым көлiк жүргiзушiсi Iлияс жұмыс бабымен Әселдi жолықтырады, кездейсоқ таныстықтықтың соңы кiршiксiз сезiм, үлкен махаббатқа ұласып, қос ғашық жолдарында тұрған кедергiлердiң ешбiрiне қарамастан шаңырақ көтередi. Көп ұзамай нәрестелi де болады. Алайда, жұмысына жанымен берiлген Iлиястың ойға алған «идеясының» жүзеге аспай қалуы, отбасы бақытының тас-талқанын шығарады.

                

     Нәзiк сезiм, терең лиризмге құрылған қойылым мәңгiлiк махаббат мәселесiн биiкке көтере отырып, көрерменiн мейiрбандыққа, сыршылдыққа, адамилыққа, ең бастысы, айналаңдағы адамдардың қадiрiн жете түсiнiп, басыңдағы бағыңды бағалай бiлуге үндейдi. «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы бұйырған баққа ризалық білдіріп, жеңіл ләззаттың арбауына түспеуге итермелейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, танымал шығарма көрермен қауымға өмірді бағалау туралы ой тастайды.

     Спектакль көңілінен шыққан көрермен студенттер қойылым біткен соң эдвайзерлерімен бірге естелік суретке түсіп, тарасты.