«Біз – Жаңа Қазақстан жастарымыз» байқауы

24.11.2023

Көрулер: 299

     Механика-математика факультетінің оқытушы-профессорлары 2023 жылғы қарашаның 16 күні университет деңгейінде өткен «Біз – Жаңа Қазақстан жастарымыз» байқауына барып, өнерпаз жастарымызға қолдау көрсетті. Мехматтың білімгерлері келесі номинациялар бойынша жүлделі ойындарды иеленіп, факультеттің атын көкке шығарып, сый-сыяпаттарға ие болды.

                         

    Командалық есепте классикалық би тобы бас жүлде, заманауи би тобы бірінші орын алса, жеке студенттер Бухарбековенова Акбота «Ең үздік қол өнер номинациясы» бойынша 1-орынға,  Елубеков Жігер  мен Хайырлыева Альмира «Ең үздік актер номинациясы», Аққайыр Ислам «Ең үздік вокал номинациясы» бойынша 3-орынға көтеріліп, курстастары мен оқытушы ұстаздарды қуаныш сезіміне бөледі.