Жаңалықтар

Томирис - Жапонияда білім алды

06.10.2023

Нұрғазы Томирис Нұрматқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде математикалық және компьютерлік пішіндеу мамандығының 4-курс студенті. Жақында Томирис Жапония елінің ондығына кіретін Цукуба университетінде JASSO стипендиялық бағдарламасы бойынша жарты жыл оқып келді.

Ары қарай оқу >>

Өзіңді туберкулезден қорға!

06.10.2023

Механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Smart Health University City» ЖШС қызметкері Лукьянчикова Е.Н. алдын ала бекітілген кесте бойынша 1 курс студенттерімен кездесіп, «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

Kuka Nordics&CIS өнеркәсіптік роботтардың әлемдік жетекші өндірушісінің өкілдерімен кездесу өтті

06.10.2023

05.10.2023 ж. механика-математика факультеті мен ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері өнеркәсіптік роботтардың жетекші әлемдік өндірушісі KUKA Nordics&CIS (Швеция) өкілдерімен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ (TWMS CONGRESS-2023)

29.09.2023

2023 жылғы 20-23 қыркүйекте Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресін (TWMS Congress-2023) өткізді.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-НІҢ 1-КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІНЕ (TWMS CONGRESS-2023) ҚАТЫСТЫ

29.09.2023

2023 жылы 20-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен өткізілген Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023)  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің механика кафедрасының 1-курс магистранттары Абдидин Алина, Елдосқызы Құралай, Момыш Назерке, Бодау Бекет қатысып, баяндамалар жасады.

Ары қарай оқу >>

AGH Ғылыми-техникалық университетінің профессоры механика-математика факультетінде дәріс оқыды

21.09.2023

19 қыркүйекте механика-математика факультетінде Erasmus бағдарламасының халықаралық білім беру жобасы аясында AGH Ғылыми-техникалық университетінің профессоры Марчин Кот (Краков, Польша) дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>