100 кітап» бағдарламасы аясында М. Мақатаевтың шығарымашылығына арналған іс-шара

23 ақпан 2017 жылы сағат 19.30 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1 - 3 курс студенттері жатақхана № 7-де куратор-эдвайзерлер: Атабаева С.Д., Асрандина С.Ш., Шоинбекова С.А., жетекшілігімен «100 кітап» жобасы бойынша М. Мақатаевтың 86 жылына және оның шығарымшылығына арналған кеш өткізілді.

Шараны өткізу мақсаты: студенттердің мәдениет деңгейін көтеру, патриоттық рухын көтеру, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру.

Студенттер поэзия кешіне белсене қатысты, ақынның шығармаларын оқыды, ән салды. Кеш көңілді және қызықты өтті.

Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салып, өздерінің отанға деген патриоттық сезімдерін білдіретін әуезді әндер шырқады.

Басылым күні :  03.03.2017