"Менің болашақ мамандығым" тақырыбында кәсіби бағдар беру шарасы

   2017 жылы ақпанның 23 – ші жұлдызында Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы "5В070100 - Биотехнология" мамандығының 2 курс студенттеріне арналған "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында кәсіби бағдар беру шарасын ұйымдастырады.  Шараны өткізу мақсаты: студенттерді ҚР ғылыми - зерттеу интитуттарында кәсіби мансапты құру мүмкіндіктерімен таныстыру, кәсіби қызметте табысқа жету мотивациясын дамыту.

Шара барысында студенттер институттың ғылыми қызметкерлерімен (б.ғ.д., профессор Нуржанова А.А., б.ғ.д., профессор Сарсенбаев Б.А., PhD, Галиакпаров Н.Н., б.ғ.к., а.ғ.қ. Мухитдинова З.Р., б.ғ.к. Усенбеков Б.Н., ғ.қ. Байсеитова Г., PhD докторант Казкеев Д.Т., PhD докторант Жаңбырбаев Е., ғ.қ. Маденова А.,   PhD Ертаев Б.Е., б.ғ.к., а.ғ.қ. Амирова А.К., ғ.қ. Маденова А., ғ.қ. Смайлов Б.Б., а.ғ.қ. Нам С.) кездесіп ондағы жүргізіліп жатқан ғылыми жобалармен, олардың инновациялық ғылыми бағыттарымен,   алынған нәтижелері және жетістіктерімен танысты.

              Студенттерді зертхана құрылымымен таныстыра отырып, ондағы заманауи құрал – жабдықтармен таныстырды. Сондай - ақ, ізденіс жұмыстарының өзектілігін және практикалық маңыздылығын айқындайтын жетістіктермен таныстырды. Ғылыми қызметкерлердің студенттерге оқыған дәрістерінде қант құмай өсімдігін биоэнергетикада, мал азығы мен тағам өндірістерінде, өсімдік шаруашылығында қолдану мақсатында оның физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін зерттеу, ОШҚ жағдайында жүргізілген селекциялық жұмыстардың нәтижелері туралы шолу жасалды. Сонымен қатар, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда топырақтары пестицидтермен және ауыр металдармен ластанған жерлерді қалпына келтіруде қолданылатын фиторемидиациялық технологиялар және олардың тиімділігі туралы мәліметтер берілді. Гаплоидты технологияны және дәстүрлі селекцияны пайдалана отырып құрғақ және сортаң жағдайға бейімделген арпаның және күріштің жаңа сорттарын шығару мақсатында жасалып жатқан ғылыми ізденістер туралы айтылды. Сондай - ақ, әңгәме барысында Қазақстандағы жүзімнің экономикалық маңыздылығы бар сандық белгілерінің гендері мен гермоплазмаларының генетикалық әр түрлілігін молекулалық сәйкестендіру, алма және алмурт сорттарының молекулярлық - генетикалық паспортизациясын жасау, осы ағаштар генотиптерінің аса қауіпті ауруларға төзімділігін анықтау әдістері; маңызды ауыл шаруашылық дақылдарды генетикалық жақсарту үшін in vitro жағдайында басқарылатын морфогенез және клеткалық  технология жүйесін жасау, морфогенез бен дифференциацияның цитофизиологиялық заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылды.

       Өткізілген орын: БҰО ҚР БҒМ Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты, Алматы қ., Тимирязев көш., 45 үй. Өткізілетін уақыт: 16:00 сағ. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.

Басылым күні :  02.03.2017