«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында «Невада-Семей қозғалысына 25 жыл» атты ашық тәрбие сағаты

2015 жылдың 13 қарашасында «Невада-Семей қозғалысына 25 жыл» атты факультет деңгейіндегі кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.  Тәрбие сағатының ұйымдастырушылары, биотехнология кафедрасының оқытушылары: Турашева С.К., Оразова С.Б.,  Ерназарова Г.И., Акимбеков Н.Ш., Нармуратова М.Х., Бектилеуова Н. және биотехнология мамандығының екінші курс магистранты Көбейқызы А. Тәрбие сағатына биология және биотехнология факультетінің 1- 3 курс студенттері  қатысты. Тәрбие сағаты барысында қатысып отырған студенттерге де сөз кезегі берілді. 1, 2 және 3 курс студенттері өз пікірлерін білдірді және баспасөз бетіне жарияланған ядролық сынақтарға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабудағы ерекше роль атқарғаны туралы мақалалар талқыланды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп - қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек - қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. 

Басылым күні :  25.11.2015