«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер» тақырыбында өткізілген тәрбиелік іс-шара

29-30 қазан 2015 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2-4 курс студенттеріне  «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында  аясында «Елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер»  тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.  Шараны өткізу мақсаты: Ә. Қастеев шығармаларының негізінде студенттерге эстетикалық және патриоттық тәрбие беру, шығармашылық белсенділігі мен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде өмір сүріп жатқандар үшін суретші Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы ұлттық мінез құлықтың ең бір жақсы көрінісінің белгісі. Осы тамаша оқиға шебердің мұрасына бүгінгі көзқараспен қайта үңіліп, оның өмірлік және шығармашылық жолына көз жүгіртіп, тұлғалық талашының мәні мен күш қуатын толығырақ сезінуге мүмкіндік берді. Өзінің табиғи сезімталдығының арқасында ол талай көркем дүниелерді өмірге алып келді, олардың негізгі арқауы туған жерге, адамына, өз халқына деген орасан зор сүйіспеншілік еді.

Тәрбие сағаты барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 - 4 курс студенттері, магистранттары: Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына барғандарын, ондағы Ә. Қастеевтің салған суреттерін көріп, одан алған әсерлерімен өзара бөлісті.  Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентацияларды көпшілік назарына салып, Ә. Қастеев шығармаларының негізінде өздерінің қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете білді.

 

Өткізілген орын: А. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, өткізілген уақыт: 11:00 сағ. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 414 аудитория, 14.20 сағ. Ұйымдастырушылар: х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А., «6D070100 - Биотехнология» мамандығының ІІ курс PhD докторанты Жарасова Д.Н., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш.

Басылым күні :  05.11.2015