«Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында өткізілген ғылыми конференция

29 сәуір 2015 жылы сағат 8:30 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында ғылыми конференция ұйымастырды.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Өсімдіктер биотехнология негіздері» курсын оқу барысында орындаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер өсімдіктер биотехнологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, өсімдік ұлпалары мен клеткаларын in vitro жағдайында өсіру бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық тұрғыдан қорытындылар мен тұжырымдар жасаудыды толық игергендіктерін көрсетті. Осының айғағы ретінде, өткізілген конференцияда студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми жобалары бойынша алынған қорытынды нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып  табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.

Өткізілетін орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2 зал.,  өткізу уақыты: 8:30.

Конференция 2 сатылы (топ ішілік, топ аралық) өткізілді. Конференцияда студенттер зерттеу барысында алған нәтижелерін  көпшілік алдында талқыға салып, өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғады. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан 4 топ тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

 Галимова А., Джуманова Н., Асанова Ж.

БТ 13-01  

«ABI»

I- ші дәрежелі диплом

2

Батжан Б., Айдарбекова М.,

Есенқалиева А.

БТ13-15

«Пассаж»

II- ші дәрежелі диплом

3

Әмір А., Дүйсеева П., Ерсін М.

БТ13-03

«Өсімдіктер биотехноло-гиясы»

III- ші дәрежелі диплом

4

Еркін Т., Жумалиева Г., Рабай А.

БТ13-14

«Биотехнолог»

грамота

5

Жумабай Е., Шаймерден У.

БТ13-04,

БТ 13-15

«Спонтан»

грамота

 

Басылым күні :  11.05.2015