«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды»

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері. 

Биотехнология кафедрасының оқытушылары Кайырманова Г.К., Бектилеуова Н.К., Мәлік А.М. басшылығымен 2023 жылдың 14 сәуірде «Биотехнология» мамандығының – студенттері және Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті түлектері Ғ. Мүсірепов атындағы театрына «Жусан иісі» драмасына барды. Драма Сайын Мұратбековтің шығармасының желісі бойынша қойылған.

«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған повесть. Шығарма сюжеті Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен. Жазушы Аянның ішкі болмысынан, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасынан таратып баяндайды. «Жусан иісі» повесі қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.

Бүгінгі "Жусан иісі" қойылымы өте жоғары деңгейде өтті.


 

 

Басылым күні :  03.05.2023