Сапалы білім – қоғам болашағы.

XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі сапалы білім болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай, қазіргі уақытта білімнің салтанат құруы ел үшін, қоғам үшін өте маңызды екені анық.

Сапалы білім беруді қоғам азаматтарына, әсіресе еліміздің болашағы- жастарға насихаттау іс-шаралыры кең түрде жүргізілуі тиіс. Осы орайда елімізідің білім беру сапасы бойынша алдыңғы орындағы білім ордасы Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Биология және Биотехнология» кафедрасында биология ғылымдарының кандидаты Ултанбекова Гульнар Даулетбаевнаның жетекшілігімен «Сапалы білім - қоғам болашағы» атты ашық сабақ өткізілді. Тақырып аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасы ұсынған сапалы білім жайлы бағыты айтылды. Аталған тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ұйымның негізгі бастамаларының орналасу аймақтары жөнінде студенттеге мәлімет берілді. Сонымен қатар, еліміздегі жаңадан салынған мектептер мен балабақшалар саны, олардың сапасы, сол мекемелерде білім беретін мұғалімдер біліктілігінің дәрежесі қаншалықты талаптарға сәкес келетіні жөнінде сөз қозғалды. Ашық сабақ мақсаты: жалпыға бірдей, әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқу мүмкіншіліктерін қолдау болып айқындалды. “ Еліміздің азаматтарына сапалы білім беру үшін мемелекет тарапынан ғана емес, жеке кәсіппен айналысатын азаматтар мен беделді кәсіп орындардың зор үлесі бар екені көңіл қуантады. Ел жастарында осындай игі істер үзілмей жасалса, кез келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық”- деген пікірімен ашық сабақ қонағы биология ғылымдарының кандидаты Карлығаш Акпаровна тақырыпты нақтылады.

Қазақ Елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға әрқашан ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ. Сапалы білімнің салтанат құруы – мемлекеттің мызғымас іргетасының қалануының, экономиканың қарқынды дамуының, әлеуметтік кеңістікте танымал болуының, жаһандық бәсекелестікке бейімділігінің артуының негізі.

 

 

 

 

 

Мақала авторы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология және биотехнология кафедрасының магистаранты Дастан Жәзира Дастанқызы

 

Басылым күні :  22.04.2023