Жаналықтар

Болашақ тіл мамандары «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Гауһар тас» телебағдарламасында болды.

10.03.2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың А.Байтұрсынов атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы қазақ филология мамандығының студенттері “Qazagstan” Ұлттық арнасында болған “Гауһар тас” бағдарламасына көрермен ретінде қатыстық.

Ары қарай оқу >>

"А. Байтұрсынов әдісімен төте жазуды оқыту"

09.03.2023

2023 жылдың 9 наурызында Филология факультетінің А. Байтұрсынов атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен "А. Байтұрсынов әдісімен төте жазуды оқыту" атты 72 сағаттық курсынан өткен студенттерімізге сертификаттар табысталды.

Ары қарай оқу >>

“Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім”.

06.03.2023

Шет тілдер кафедрасының оқытушылары 2023 жылдың 6-наурызы күні механика-математика факультетінің “Ғарыштық техника және техникалар”,“Механика”, “Математикалық және компьютерлік модельдеу”, “Актуарлы математика” мамандықтарының студенттерімен бірге “Тұрақты даму мақсаттары” бағдарламасы аясында 4 -ші бағдарлама бойынша "Сапалы білім" атты үш тілде халықаралық іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Күй - құдірет»

04.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-домбырашы Шәміл Әбілтаймен «Күй - құдірет» атты кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

Ағылшын тілі сабақтарында тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау

04.03.2023

Тұрақты даму мақсаттарын ағылшын тілі сабақтарының мазмұнына еңгізу студенттердің әлемдегі бар жаһандық мәселелер және олардың ықтимал шешімдері туралы хабардарлығын арттырудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. 2023 жылдың 4 наурызында Шет тілдері кафедрасының оқытушысы Байтлеуова Лаура Аязбекқызы "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультетінің бірінші курс шетел студенттері арасында "ТДМ 3: Мықты денсаулық және амандық" атты тұрақты даму мақсаттарының біріне арналған сабақ ұйымдастырды. 

Ары қарай оқу >>

«1 наурыз – Алғыс айту күні»

03.03.2023

2016 жылдан бастап Елімізде «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні «1 наурыз – Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды.

Ары қарай оқу >>

«Жаңа оқу жылына пайдалы оқулықтармен!»

02.03.2023

 Бүгін 2023 жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында Шет тілдері кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к. Досмагамбетова Д.Ж. және кафедра меңгерушісінің оқу, әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. Айсултанова К.А. бастамасымен, кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс бойынша жауапты аға оқытушылар Тлеугабылова З.А., Мусанова Г.А. ұйымдастыруымен, «Шет тілі» пәні оқытылатын барлық факультеттердің аға оқытушыларының қатысуымен және де «Study Inn» және «Көкжиек-Горизонт» кітап үйі мен баспасы өкілдерімен жаңа оқу жылына арналған оқулықтар бойынша кездесу болып өтті.

Ары қарай оқу >>

«Ақтастағы Ахико»

27.02.2023

Педагогикалық тәжірибе барысында 24 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті «Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының магистранттары Н.Масек, С.Дабылқызы 2-курс бакалавр студенттерін театрға апарды. «Филология: қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері «Ақтастағы Ахико» қойылымын тамашалады. Қойылым соңында студенттер қазіргі заман драматургиясы туралы ойларымен бөлісті.  

Ары қарай оқу >>

«Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология»

25.02.2023

2023 жылдың 20-25 ақпанында Назарбаев Университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттері Қазақ тілі оқытушылары халықаралық бірлестігінің «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық семинарының алғашқы оффлайн апталығын Астанада Назарбаев Университетінде өткізді.

Ары қарай оқу >>