«1 наурыз – Алғыс айту күні»

03.03.2023

Көрулер: 760

2016 жылдан бастап Елімізде «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні «1 наурыз – Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Бұл мереке - Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Осы мереке қарсаңында А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Математика», «Механика» мамандықтарының 1-курс студенттерімен «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне байланысты ашық-тәрбие сағатын өткізді. Презентация, сұқбат, бейнероликтер көрсетіліп «1 Наурыз – Алғыс айту күні» мерекесінің шығу тарихы, тәрбиелік мәні жайлы баяндалып, өзге ұлт студенттерінің Ата-баба тарихынан сыр шертіп, Қазақ еліне бірі өзге еріктерімен қоныс аударса, кейбірі мәжбүрлі түрде жер аударып келген сәттерінде Қазақ халқының көрсеткен қолдаулары жайлы жылы естеліктер айтты. Бүгінгі студент – кешегі Қазақ еліне қоныс (жер) аударған өз ұлт өкілдерінің ұрпақтары. Аталмыш мамандықтарда өзбек, ұйғыр, татар, түркімен, неміс ұлтының өкілдері білім алады. Онға жуық ұлт өкілдері білім алып жатқан топтарда – ауызбіршілік пен студенттердің бір-біріне деген сыйластықтары сезіліп тұрады.