Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасында үстіміздегі жылдың 6 мамыр күні сағат 15:00-де филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының «Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл» атты дәрісі өтті.

Анар Бекмырзақызы сөзін дәріске қатысушыларды тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап бастап, қазақ тарихына тоқталып, қазақ ұлттық құрамының, қазақ тілінің оның ішінде қазақ жазуының, тіл саясатының кешегісі мен бүгінін саралады әрі тәжірибелерден тағылым алып, дәріске қатысушылардың әрқайсысын әрқашан барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілінің 30 жылда жеткен жетістіктеріне тереңінен тоқталды.

Дәріске Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент, Орал, Павлодар, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан университеттерінен қатысқан оқытушылар, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттерден бөлек, Түркия, Қырғызстан елдерінен де белді лингвист-ғалымдар қатысты. Дәрісті тыңдаушылар дәріс бойынша өз пікірлерін білдіріп, ғалымға алғыстарын жаудырды. Дәрісті 100 қатысушы zoom платформасы, қалғаны фэйсбук парақшасы арқылы тыңдай алды. Дәріс ұлы армандарды жүзеге асырған, өзекті тақырыпты, мазмұнды, мағыналы мәселені көтерген, ғылыммен астастырған жоғары деңгейде өткен дәріс ретінде бағаланды.