Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!
14.04.2023ҚР ЖОО-дағы өзге ұлт (түркі тілдес емес) студенттерінің мемлекеттік тілді білуімен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды тану деңгейін көтеру мақсатында 2023 жылдың 14 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, Ақымет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!» атты дәстүрлі, республикалық зияткерлік-танымдық ОЛИМПИАДА өтті.