“Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім”.

06.03.2023

Көрулер: 494

Шет тілдер кафедрасының оқытушылары 2023 жылдың 6-наурызы күні механика-математика факультетінің “Ғарыштық техника және техникалар”,“Механика”, “Математикалық және компьютерлік модельдеу”, “Актуарлы математика” мамандықтарының студенттерімен бірге “Тұрақты даму мақсаттары” бағдарламасы аясында 4 -ші бағдарлама бойынша "Сапалы білім" атты үш тілде халықаралық іс-шара өткізді.

Іс-шарада механика-математика факультетінің “Космостық техника және технологиялар” мамандығының 1-курс студенттері мамандықтарына қатысты үш тілде слайд қорғады. Актуарлы математика мамандығының 1-курс студенті де ағылшын тілінде білімнің дамуы жайында слайд қорғап, өз ойын ортаға салды. Ал шетелде, Польша мемлекетінде және параллельді түрде Туркияда “Erasmus+” бағдарламасы бойынша грант жеңіп алып, 2-курста оқып жатқан қазақстандық студент Алхабек Аян Абжанқызы зум платформасы арқылы іс-шараға қосылып, студенттерге сапалы білім алу жайлы, оның ішінде шетелде грант бойынша білім алудың қаншалықты маңызды екенін слайд жасап, баяндама жасай отырып дәлелдеп берді. Танымы мол іс-шараны студенттер әнмен әрлеп, бимен тәмамдады. Іс-шара соңында шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жұбанова Күләш Харезмқызы іс-шараның өте жоғары деңгейде өткендігін, оқытушылар мен студенттерге құнды ақпараттар берілгендігін айтып, студенттердің белсенділігіне тоқтала отырып: “Құрметті студенттер, еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан, жақсы оқып, сапалы білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенеміз”, - деп, өз сөзін аяқтады.