Ағылшын тілі сабақтарында тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау

04.03.2023

Көрулер: 656

Тұрақты даму мақсаттарын ағылшын тілі сабақтарының мазмұнына еңгізу студенттердің әлемдегі бар жаһандық мәселелер және олардың ықтимал шешімдері туралы хабардарлығын арттырудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. 2023 жылдың 4 наурызында Шет тілдері кафедрасының оқытушысы Байтлеуова Лаура Аязбекқызы "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультетінің бірінші курс шетел студенттері арасында "ТДМ 3: Мықты денсаулық және амандық" атты тұрақты даму мақсаттарының біріне арналған сабақ ұйымдастырды.  

Студенттер осы мақсаттың мазмұнын талқылап, интерактивті тапсырмаларды орындады. Сабақтың кіріспе бөлігі сапалы медициналық қызметтерге жалпыға бірдей қол жетімділік, ана мен неонатальды өлім туралы алаңдаушылық, барлығына қауіпсіз және арзан дәрі-дәрмектер мен вакциналарға қол жеткізу және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы сияқты мәселелер туралы бейнематериалдарға арналды. Сабақ қорытындысы бойынша студенттер әртүрлі жемістер мен көкөністердің пайдалы қасиеттері мен қоректік заттары туралы "Жемістер мен көкөністер картасы" постерларын жасады.

Іс-шараға жауапты: Шет тілдері кафедрасының оқытушысы Л. А. Байтлеуова