Қазақ дискурсының лингвосинергетикасы

     30 қараша, 2020, ZOOM платформасында филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, Смағұлова Г.Н. қазақ дискурсының лингвосинергетикасы тақырыбында дәріс оқыды. Бұл күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары байланысқа шықты.
Профессор Г.Н.Смагулова өзінің дәрісінде. лингосинергетика терминінің табиғатын, қазақ дискурсының линкулторологиялық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырды. Дәріс аяқталғаннан кейін лекторға сұрақтар қойылды.
Профессор сағаты ғылыми пікірталаспен аяқталды.