2021 -2022 жылы

ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың оқытушы-профессорлар құрамы және қызметкерлерімен өткізген кездесуінде университеттің қайта жаңғыруы үшін атқарылатын игі бастамалар туралы сөз қозғалды. Кездесу барысында ректор университетке басшы болып келгеннен бергі аздаған уақыт ішінде атқарылған іргелі істердің барысына тоқтала келіп, университеттің құрылғанына 90 жыл толуы қарсаңында білім мекеніне айналған қалашықты жаңғырту мақсатындағы басты жоспарларымен таныстырды. Кездесу басында ректор қордаланған мәселелерді оқытушы-профессорлар құрамымен бірге талқылап, оларды шешуді бірлесе қолға алуға ұсыныс жасады. Ректор оқытушы-профессорлардан мәселелерді батыл түрде ортаға салуды сұрады, мәселелердің талдануы, шешілу жолдарының іздестірілуі тәжірибелі басшының іскерлігін көрсетті.

Ж.Қ. Түймебаев университет басшылығына келгеннен соң еліміздегі инфляция қарқынына қарамастан он жылға жуық уақыт көп өзгермеген оқытушы-профессорлар құрамының жалақысын көбейтуді қолға алып, нәтижесінде екі кезеңмен көтерді. Сонымен қатар екі-үш рет университет қызметкерлеріне әртүрлі көлемдегі сыйақы берілді. Кездесуде ректор оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлердің жалақысын тағы да көтеру жолдары қарастырылатынын айтып өтті. Бірнеше оқу ғимараттары күрделі жөндеулерден өткізілді. Қалашық ішінде орналасқан асханалар күрделі түрде жөнделіп, ондағы ас сапасының жақсаруы жолға қойылды. Студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін осындай жұмыстар жүйелі түрде іске асырылды. Бұл мәселелер университетіміздегі өте өзекті мәселелердің бірі еді. Сапалы білім болу үшін әлеуметтік жағдайдың да жақсы болғаны абзал. 

         Ректор алдымыздағы жылдары халқымыздың ардақты азаматтары                   Д.А. Қонаев пен Ө.А. Жолдасбеков бастап іргесін қалаған қалашық құрылысының жалғасын табатындығын жеткізді. ҚазҰУ қалашығында салынатын жаңа ғимараттардың жоспарлануы жаңару жолындағы игі бастамалардың бірі деп есептейміз. Ректор ҚазҰУ қалашығындағы жатақхана орындары 6000 студентті ғана қамтитындығын атап көрсетіп, қалалық студенттерді санамағанда университет студенттеріне әлі 12000 мың орын қажеттігін айтты. Мұнымен қоса оқу ғимараттарының жетіспеушілігі де орын алған, әр факультетке бір ғимарат болатындай құрылыс жұмыстары жүргізілетіні сөз етілді. Университет басшысы осы жоспарлар Қазақстан Республикасы президенті Қ.К. Тоқаевпен өткен кездесуде талқыланғанын, ол кездесуде 2000-нан аса ҚазҰУ оқытушысына тұрғын үй қажет екендігін айтқанын жеткізді. Қалашықтың жаңартылуына арналып дайындалған бас жоспар оқытушы-профессорлар құрамының назарына ұсынылды.

Университеттің халықаралық байланысы нығайту саласында да іргелі істер атқарылып, шетелдік ғалымдар дәрістері ұйымдастырылғандығы атап көрсетілді, оның ішінде Түркияның 11-президенті Абдулла Гүл университет студенттеріне көшбасшылық дәріс оқыған еді.  

Кездесу барысында университеттегі білім беру сапасын арттыру, еліміздің жетекші оқу орнындағы білім беру ісінің жақсара беруі талқыланды.

Оқытушы-профессорлар құрамының шетелдік тағылымдамадан өтуіне байланысты бірнеше жұмыстардың атқарылуы тиіс екендігі, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатыны айтылды. Университет ұстаздарының шетелдік тағылымдамадан өтуі білім сапасын арттырудың маңызды бір бөлігі болып табылатыны даусыз. Биылғы оқу жылында ҚазҰУ оқытушыларының делегациясы Түркияның ең танымал университеттерінің бірі - Білім университетінде тағылымдамадан өтіп келгендігі белгілі. Бұл - оқытушы-профессорлар құрамы үшін аса қуантарлық өте қажетті бастама болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық QS рейтингісіндегі орнының алға жылжи беруі де ғалымдардың сапалы ғылыми жұмыстарының нәтижесі екендігі, Қазақстан Республикасы бойынша скопус базасына енген еңбектердің бестен бір бөлігі ҚазҰУ ғалымдарының үлесі екені аталды, алдағы уақытта да осы қарқынымыздың еш бәсеңдемеу қажеттігі де ескертілді. Осы орайда университетте зерттеуші-профессор, зерттеуші-доцент лауазымдары тағайындалатыны айтылды.                        

Университет ректоры қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауап беріп, оқытушы-професорлар тарапынан жасалған ұтымды ұсыныстарды қабылдайтынын айтты.

Университет басшысымен кездесуде іргелі жоспардың талдануы, игі бастамалардың жолға қойылуы көңілге үміт ұялатып, ісімізге шабыт берді.

 

Қазақ тіл білімі кафедрасының

аға оқытушысы Н.Ж. Егізбаева

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті

« Жамбыл » атындағы филологиялық

ғылыми-зерттеу орталығының директоры

ф.ғ.д., доцент А. Мауленов

 

Киелі қара шаңырақ ҚазҰУ

Бүгін сәуір айының 29 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Түймебаев 1 - мамыр Қазақстан халқының ынтымақтастық күніне орай жылдық Есеп беру кездесуін өткізді. Алдыменен оқытушы-профессорлар құрамын және ҚазҰУ қызметкерлерін келе жатқан халықтар ынтымақтастығы мерекесімен құттықтап, университетіміздің болшақ старатегиялық жоспарларымен таныстырды. Бүгінгі күнге дейінгі университетіміздің бір жылда жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, ғылым мен білім жолындағы табыстарын атап өтті. Халықаралық сараптау рейтінгісі бойынша біздің университетіміз 175 орынға тұрақтағанын, әлі де болса осы жетістігімізді еселей түсуге шақырды. Есеп беру барысында Ректор қаншама жылдардан бері жөндеу көрмеген оқу корпустары мен жатақхана мәселелерін қамтып отырғанын. Былтырғы ағымда жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтежелерін және болшақта атқарылатын ауқымды жобалардың кешенді жоспарларына шолу жасады. Ректорымыздың баяндамасынан білім алушыларымыздың ертеңгі күні бәсекеге қабілетті маман болып, кез-келген уақытта еліміздің дамуына өз үлестерін қоса алатын интелекті кадрлар дайындауға баса назар аудару қажеттілігі күн тәртібінде тұрған мәселе екенін айқындап берді. Университетіміздің басты көрсеткіші бұл сапалы білім деңгейі. Ал, осы жолда оқытушылар мен профессорлық қауымға артылатын салмақтың да арта түсетіні белгілі. Мұндай жетістікке жетудің бірден-бір жолы ауызбіршілік пен жауапкершілік. Әрбір оқытушы өз мамандығының кәсіби шебері болуы тиіс екендігін де қалыс қалдырмады. Мұнан басқа да университетіміздің болшақта атқарылатын қыруар іс-шаралар бар екенін, егер біріге жұмыс істейтін болсақ ол асуларды бағындыра алатынымызға сенім білдірді. Ректордың есебінен кейін сұрақ-жауап сұхбатына қарай ойысты. Көкейде жүрген сұрақтарын тартынбай қойып, тұщымды жауаптар алынды. Әсіресе, ҚазҰУ қалашығының көріктендіруне және болашақта салынатын оқу корпустары мен жатақхана ғимараттарының заманауи стилмен жүргізілуіне қызығушылық танытты жиналған көпшілік. Есеп беру соңы ҚазҰУ студентерінің көңілді жадыратар ән шашуымен аяқталды. Ректорымызға осы бастаған ісіне бізде сәттілік тілейміз. Барынша қолдау көрсетіп университетіміздің гүлденуіне ат саласамыз деп нық сеніммен айта аламыз. Өйткені осы киелі қара шаңырақта білім нәрімен сусындап, өмір жолында талай-талай белестерден асуға біздерге себепші болған. ҚазҰУ да қызмет істейтін ұстаздар мен білім нәрімен сусындап жүрген шәкірттеріміз де осы ойды құптайды деп сенеміз.

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.  Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар.29 сәуір. Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың президентпен кездескеннен кейінгі оқытушы-профессорлар құрамымен есептік кездесуі өткізілді.. Казгуград келбеті осы 1 жылда, Ж. Түймебаев ректор боп келгелі бері жақсарып, бірсыпыра дұрысталды.Жаңа оқу ғимараттары салынып, әр факультет бір-бір жеке корпусқа ие болады. Ең соңғы жатақхана салынғалы бері 31 жыл өтіпті, биыл бірнеше ескі жатақханалар бұзылып, орнына 12 қабатты жаңа заманауи жатақханалар салынады. Еңбекақы біршама көтерілді, енді ағылшын тілін меңгеруді қолға алыңдар. Ғалым-ұстаздарға зерттеуші доцент атағы беріледі. Оқытушыларға университет қалашығынан қызметтік пәтер мәселесун қарастыру үшін тұрғын үй салу керек. Университетте ұжымдық сыйластыққа, тәртіпке, ғылымға мән бер керек. Осындай ой айтты. Артынан сұрақ қойылды, оған ректор жауап берді.

Тағы да айта кететін жаңалық-ҚазҰУ филиалдарының Қырғызстан,Түркияда ашылуы.

Жақсы жаңалықтың бірі — өмірі ҚазҰУу тарихында болмаған 1- май мерекесіне арнайы сыйақы бүкіл оқытушы, қызметкер, жұмысшының бәріне берілді.

Университеттен түлеп ұшып, ұясына оралған, жоғары лауазымды орындарда отырған, ел көрген, жер көрген, жұрт көріп, ұстаз сыйлаған , көз көрген деген осы дестік.

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.

Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, ортақ үйіміз – қара шаңырақта   ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, қолдау көрсетіп,жаңа Қазақстанның гүлдеуіне ат салысайық.

 

Шет тілдер кафедрасының ф.ғ.к. Қ.А.Айсұлтанова