Тіл экологиясы: Қазақстан кеңістігінің қазіргі тілдік бейнесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде 6 сәуір күні кезекті көшбасшылық дәріс өтті. Дәрісті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Авакова Раушан Амирдинқызы жүргізді. Раушан Амирдинқызы саналы ғұмырын қазақ тіл білімі, жалпы тіл білімі және түркітану мәселелері, лингвистикалық мәдениеттану, этнолингвистика, қазақ және түркі тілдері фразеологиясы, сонымен қатар лексикография теориясы, қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту және т.б. тіл білімінің көкейкесті мәселелеріне арнады.

«Тіл экологиясы: Қазақстан кеңістігінің қазіргі тілдік бейнесі» атты көшбасшылық дәріске Өзбекстан, Қазақстан ЖОО оқушылары мен білім алушылары қатысты. Көшбасшылық дәрісте тіл экологиясы, тіл тазалығы, оны сақтаудың жолдары туралы қоғамдағы өзекті мәселелер қамтылды.