"Қазақ тілінің жүйесі мен құрылымына қайшы қолданыстар"

Мамыр айының 11жұлдызы күні Филология ғылымының докторы Орынай Сағынғалиқызының "Қазақ тілінің жүйесі мен құрылымына қайшы қолданыстар" тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өткен болатын. Атаулы дәріске Республиканың түкпір-түкпірінен мұғалімдер сонымен қатар Әлімхан Жүнісбек, Жайна Саткенова, Дина Әлкебаева, Айгуль Исмакова, Зейнелхан Кузекова, Анар Ашимова сынды бірқатар тілдің бағын ашып жүрген, тіл жанашырлары ғалым, профессорларымыз және білім алушы білімгерлер қатысты.

Көшбасшылық дәрістің шымылдығын Жайна Бағашарқызы ашып берді. Дәлірек айтсақ өтілген көшбасшылық дәрістерді Рақыш Әмір бастаған, Берікбай Сағындықұлы, Гүлдархан Нұрғазықызы, Анар Бекмырзақызы сынды ғалымдардың дәрістерін тізбектей келе Орынай Сағынғалиқызының биографиясымен таныстырып, ғалымның ғылыми еңбек жолына тоқталып өтті.

Артынша дәрістің легін Орынай Сағынғалиқызы Ахмет Байтұрсынұлының мына бір сөзімен: « Халықтың тілі бір жылдап, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады және әр халықтың өзінің дағдылы жүйесі болады»,- деп өте әдемі бастады.

Дәрісте мынадай актуалды тақырыптар қамтылды:

  • ·         Қазіргі тілдік құралдардағы, БАҚ сөздердің қате қолданысы турасында: Мәселен (ағымдағы жыл-текущий год), биылғы жылы, бүгінгі күні және т.б. плеоназмдардың қолданысымызда кеңінен таралғандығы туралы;
  • ·         Лингвоэкология мәселесі аясында, өте тұшымды ойлар айтылды;
  • ·         Орыс тілі мен қазақ тілінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары;
  • ·         Констотация құбылысы туралы.

Сөз соңында ғалым дәрісті Ғабит Мүсіреповтың «Тілін білмеген, түбін білмейді» деген сөзімен әдемі қорытындылады. Қосымша М.Әуезовтың сөзін тілге тиек етті. Әдемі сөйлеу, қалай болса солай сөйлеу дегенді білдірмейді деп шегелеп айтты.

Соңында дәріске қатысушы ғалымдарымыз өзінің ой-тұжырымдарын айтып, өз пікірлерін білдірді.