«Жаңа оқу жылына пайдалы оқулықтармен!»

02.03.2023

Көрулер: 554

         Бүгін 2023 жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында Шет тілдері кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к. Досмагамбетова Д.Ж. және кафедра меңгерушісінің оқу, әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. Айсултанова К.А. бастамасымен, кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс бойынша жауапты аға оқытушылар Тлеугабылова З.А., Мусанова Г.А. ұйымдастыруымен, «Шет тілі» пәні оқытылатын барлық факультеттердің аға оқытушыларының қатысуымен және де «Study Inn» және «Көкжиек-Горизонт» кітап үйі мен баспасы өкілдерімен жаңа оқу жылына арналған оқулықтар бойынша кездесу болып өтті.

       Екі жақты кездесу барысында «Study Inn» халықаралық білім беру холдингі және кітап үйінің академиялық директоры Бекжанова Гульнар Гинаятовна мен «Көкжиек-Горизонт» кітап үйінің басқарушысы Мырзабекова Гульжан Айтмуханбетовна кафедраның аға оқытушыларына Cambridge және Oxford баспа үйлері ұсынып отырған жаңа оқулықтарға презентация жасады. Презентацияда бакалавриат және магистратура бойынша көптеген жаңа оқулықтар көрсетілді, оқулықтардың студенттер мен магистранттар үшін пайдалы тұстары аталып өтілді және де бұл оқулықтарды пайдалану арқылы оқутыдан қандай нәтиже болатыны туралы талқыланды. Кафедраның факультеттер бойынша аға оқытушылары кездесу барысында Cambridge English for Scientists, Writing for Impact, Life, Keynote, Unlock, Outcomes, Pathways, 21st century communication, Energy English, Gateway to Science, Professional English in Law, Marketing, Grammar Explorer, Grammar For Great Writing және басқа да ағылшын тілін үйретуге арналған оқулықтармен танысып, жаңа оқу жылында қолдануға болатын оқулықтарды талқылады. Кездесу соңында аға оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баспа үйі өкілдері тың жауаптарын берді және де айтылған ұсыныстар бойынша да талқылау жұмыстарын жүргізді.

       Шет тілі кафедрасы «Study Inn» халықаралық білім беру холдингі және кітап үйінің академиялық директоры Бекжанова Гульнар Гинаятқызына және де «Көкжиек-Горизонт» кітап үйінің басқарушысы Мырзабекова Гульжан Айтмуханбетқызына бірлескен жұмыс және де ынтымақтастық үшін үлкен алғыс білідіреді!