ШЕТ ТIЛДЕР КАФЕДРАСЫ

 

Кафедраның ұраны: "Біздің студенттердің жетістігі – біздің жетістігіміз!"

Кафедраның мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, №1 оқу ғимараты, каб. 315

Телефоны: +7(727) 377-33-39 (ішкі номер 1977)

email: kafedra_fl21@mail.ru

Әлеуметтік желілер:  

Instagram:  https://instagram.com/kaznuinyaz?utm_medium=copy_link  

Facebook:https://www.facebook.com/department-of-foreign-languages-of-kazakh-national-university-107943148322163

Досмағамабетова Джәмила Жамбылқызыф.ғ.к.

кафедра меңгерушісі 

kafedra_fl21@mail.ru
   

Тлеулинова Мейрамкүл Бейсенбайқызы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, кафедра меңгерушісінің ғылыми

жұмыстары және халықаралық байланыс бойынша орынбасары

kafedra_fl21@mail.ru

 
 

Айсултанова Карлыгаш Абдукалыковна, к.ф.ғ.

кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмыстары бойынша орынбасары

kafedra_fl21@mail.ru

Кафедраның миссиясы: күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста шет тілін белсенді қолдану үшін, тұрмыстық сөйлеу және мамандық тілін практикалық меңгеру дағдылары мен қабілеттерін, үздіксіз өз бетінше білім алуды жүзеге асыруға және шет тілдерін білуі арқасында өз біліктілігін арттыруға бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттер мен магистранттардың шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Бүгінгі таңда кафедрада 72 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 8 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 47 магистр,
15 аға оқытушы, 1 оқытушы. Кафедраның оқытушылар құрамы жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық мамандықтары бойынша білім алушыларға шет тілдерінен сабақ береді.

Kaznu toefl center

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінің шешімі негізінде, шет тілі ретінде ағылшын тілін тестілеуді шетел тілі ретінде өткізу мақсатында филология факультетінің шет тілдер кафедрасы жанынан ETS (educational testing service) американдық ұйымымен келісім бойынша "kaznu toefl center" құрылды.

     Орталықтың мақсаты барлық ниет білдірушілерге алыс шетел ЖОО-да әрі қарай оқу үшін, toefl ibt форматындағы халықаралық тестілеуден өту арқылы ағылшын тіліндегі халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу үшін, шетел тілі ретінде ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін өзінің ағылшын тілі деңгейін ресми растау мүмкіндігін беру болып табылады. Сонымен қатар, toefl center тыңдаушыларды осы тілдік емтиханды тапсыруға дайындайды.