«Күй - құдірет»

04.03.2023

Көрулер: 648

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-домбырашы Шәміл Әбілтаймен «Күй - құдірет» атты кездесу кеші өтті.

Рухани әрі жүрек тебірентерлік жиылыс болды деуге болады. Күмбірлеген күй өнеріне арналған кездесу барысында студенттер ұлттық өнерді дәріптеп жүрген өнерпазға түрлі сұрақтар қойып, автордың шығарған күйлерінің тарихынан хабардар болды. Кездесу кешінде жиналған студенттер мен оқытушыларға күйші «Тұран», «Ұлт ұстазы – Ахмет», «Ұлт көсемі – Әлихан» деген күйлерін тартып, «Ұлытау», «Аңсау» әндерін орындады. Күйшінің шығармашылығына арналған кеш барысында студенттер де өз өнерлерін көрсетіп, күйшінің батасын алды.