2021-2022

 

 

 

Партия халықпен бірге 

28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты. Жиын қарсаңында партияның Саяси кеңесінің қаулысымен бекітілген күн тәртібіне сәйкес қатысушылар партия Саяси кеңес құрамына, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және партия Төрағасын сайлау туралы мәселелерді қарады. Партияның осы кезектен тыс XXI Съезінде елдің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды. Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз кезегінде өзіне білдірген сенімді үлкен жауаркершілікпен қабылдайтынын айтып, алғысын білдіріп, осы уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы міндетін атқарып келген Н.Ә.Назарбаевтың атқарған еңбектеріне тоқтала келе, елді өткенімізді, өткен тарихымызды бағаламай, мойындамай, қәдірлемесек, болашығымыз күңгірт болатынын ескертті. Партияның кезектен тыс XXI Съезінің басты жаңалығы Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіп, онда партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдерін енгізуге шешім қабылдап, осы шешім нәтижесінде партияның жоғары өкілді органының жартысына жуығы жаңартылды. Осыған қатысты атап өтетін қуантарлық бір жәйт, партияның жоғары өкілді органының құрамында әйелдердің, жастардың айтарлықтай артып, мемлекеттік қызметшілер саны едәуір қысқаруы болды. Сондай ақ, саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Бұл да бір елді қуантарлық өзгеріс болды деуге болады. Әсіресе саяси кеңестің құрамында білім беру саласының, Үкіметтік емес ұйымдар мен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері санының айтарлықтай артуын, әрине мұғалімдер мен оқытушылар қауымы, жалпы бұқаралық ақпарат саласында еңбек ететін қызметкерлер жылы лебізбен қабылдағаны анық. Осы жылы елімізде ел құлағын елең еткізіп басталғалы жатқан үлкен өзгерістер мен бетбұрыстарға ат салысуға еліміздегі ең іргелі партия өкілдерінің жұмыла іске кірісетініне халық сенеді, үлкен үмітпен қарайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  

шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы  

Исабаева Б.К. 

 

28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. «Nur Otan» партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін атап өтті. Президент халқымызды дүрбелеңге салған қаңтардың басындағы қайғылы оқиғалар туралы айта келе, лаңкестер мен қылмыскерлерге тойтарыс беріп, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалғанымызды мәлімдеді. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді деп айтты .Елбасының 30 жылда ел мүддесі үшін атқарған жұмысын ойдан шығармауымыз қажет екенін атап кетті. Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, «Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдайтынын айтып өтті. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды ұйыстыру жұмыстарына кірісуге дайындықты білдіреді. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекелестік болатынына кепілдік беретінін атап көрсетті. Президент конституциялық міндетін – барлық билік тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету екенін айқындап өтті. Әрине, бұл жағдайлар Президенттің кез келген партия мен қозғалыстардың қызметінен белгілі бір дәрежеде алшақтауын талап ететінін мәлімдей отыра .біраз уақыттан кейін, бәлкім осы жылдың ішінде, «Nur Otan» партиясына одан әрі төрағалық етуінің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз деген мәлімет айтып кетті. Мемлекет басшысының тең қашықтықтағы мәртебесі саяси реформалардың ауқымды топтамасында біржола бекітілуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы партия мүшелерін төмендегі басымдықтарға баса мән беруге шақырды.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, партия мемлекеттік органдардың жұмысын қайталамауы керектігін айтып өтті. Президент «Nur Otan» партиясы негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысып, қажет жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысына жол сілтеп отыруы керек екеніне назар аударды.

 

Әл-Фараби университеті

шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы

Дуйсенбаева Ш.С          

           

 

                                                                                             Раушан Әбдіқұлова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің    

әдебиет тарихы және әдебиет теориясы

кафедрасының доценті

                                          Тұғырлы сұхбат: жаңа межелер

       Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың жаңа сұхбатында өзіне ашық та төтесінен қойылған сауалдарға айқын да нақты жауап береді. Соның бастысы мемлекеттік тіліміздің өз қоғамымыздағы орны хақындағы тұжырымы. Сырт елдерге мемлекетіміздің мүддесіне қатысты жағдайларды олардың өз тілінде жеткізу мемлекеттік тілімізді кемсіту емес екенін, керісінше ұлттық тіліміздің мемлекет ауқымындағы маңыздылығын қадап айтып берді. Президентіміздің:«Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек»,- деген нұсқауы алдағы уақытта бұл бағытта жүргізілетін шаралардың да маңыздылығын аңғартпай ма? Әсіресе, бұл латын әліпбиіне көшуде де асығыс шешімдерге жол бермеуді көздейтіндігімен сабақтас болар. Өткен қаңтар оқиғасына мемлекет басшысы тұрғысында нақты сараптама жасайды. Бұл Президенттің қаңтар оқиғасына қатысты әлеуметтік-саяси ахуалдарды бір сәт көзден таса етпей қадағалап отырғандығының белгісі болса керек. Соның негізінде ел ішіндегі желдей ескен қауесеттердің орынсыз екенін дәйектейді. Бейбіт шеруге шыққан адамдардың жазықсыз жапа шегуіне қарсы екендігін, құқық қорғаушылар тобынан құрылған комиссияның әділетті шешім шығаруы негізгі принцип екенін атап айтады. Осы орайда: «Мен үшін азаматтарымыздың құқы маңызды»,-дейді. Лаңкестердің әсем қаламызды астаң-кестең етіп, Талдықорған, Шымкент, Тараз секілді қалаларға да ауыз салғанына қалай күйінбеуге болады? Шынында, Президент лаңкестердің сырттан келгенін, билікке қарсы болғанын, мақсаты билікті құлату, реформаларды болдырмау, елдің тұтастығын бұзу секілді пиғылда болғанын болуының себебін ашық айтып берді. Президент монополияларды жою, саяси трансформация жасау, елдің экономикалық дамуын жеделдету, реформалар жалғасын таба беретіндігі Жаңа Қазақстан тұжырымдамасында көзделетіндігін нақты аңғартады. Шынында, мыңдаған қару-жарақты тонап, қалаларды қиратқан мыңдаған адамдарды лаңкестер емес десек, еліміздің тұтастығы мен тыныштығына нұқсан келетінін ескертуі ел басшымыздың көрегендігі ғана емес, шын мәніндегі ұлтжандылығы деуге болады. Президент бұзықтар мен қарақшылардың, лаңкестердің бейбіт шеруге шыққан халықты арандатушылық әрекетін тоқтатуда өзіміздің отандық әскери құрамдардың күші жұмылдырылғанын, ҰҚШҰ әскері шақыру мақсатын да айқын түсіндіріп берді. Көршілес Ресей елінің ежелден халқымызбен «құдайы көршілік» үрдісі бар екенін, оның ешқашан мызғымайтындығын, қайта қарым-қатынасымыздың ел өмірінің қай саласында да өркендей беретінін баса айтты. ҰҚШҰ әскерін шақыруға байланысты «ресейге қарыз» деген қауесеттің жалған екеніне көз жеткізді. Бейбіт шеруге шыққан халықтың мүддесі, халықтың байлығын иеленіп отырған ат төбеліндей топқа наразылығы болғанын да жасырған жоқ. Тұңғыш президентке қатысты мәселелерге де шынайы да нақты жауап бере келіп, Н.Ә.Назарбаевтың ел тарихындағы сүбелі еңбектерін ұмытуға болмайтындығын ескертуі мемлекет басшысының тұлғасын биіктетпесе, кемітпейтіндігі ақиқат. «Тарихқа қиянат жасамау керек», дейді ол. Ал, тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы қажеттігін тұжырады. Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың кадрлық ауыс-түйістер туралы пікірі де ойға қонымды, толымды тұжырымдар деуге болады. Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен жаралы жолбарыстай Алматыға еңбекқор, іскер басшы, тәжірибесі мол адам ретінде танылған Е. Досаевты қала әкімі етіп тағайындалуының да мәнін ашып берді. Президент мемлекеттік қызметке жас кадрларды тартуды бастама еткенмен, ескі кадрларды бірден шетке ысырудың да асығыстық екенін, бұл мәселені жағдайға қарай реттеудің мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару туралы үкіметке тиісті тапсырма беруі, қоғамымыздағы заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық нигилизмге жол бермеу туралы тұжырымдары қызу қолдауды қажет етеді. «Заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады»,- дейді Президент Қ. К. Тоқаев.

     Қорыта айтсақ, Президент Қ. К. Тоқаев біз сөз етіп отырған жаңа сұқбатында еліміз бастан кешкен қаңтар оқиғасына ата дәстүріміз тұрғысынан да, бүгінгі уақыт биігінен де қарап, терең де ашық сараптама жасады, ақ-қараны ажырата түсіндірді. Дағдарыстың да жаңа мүмкіндіктерге жол ашатындығын меңзеді, жаңа Қазақстанның жаңа межелерін, алуға тиіс асуларын белгіледі. Жастарды еңбекқор болуға, кәсіби біліктілікке баулудың қажеттілігін, маңыздылығын өмірімізді көркейтудің, халықтың әл-ауқатын арттырып, мәдениетін көтерудің, саяси тұрақтылыққа, елдік тұтастыққа жетудің тиімді жолы қатарында қарастырды. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қазіргі жағдайларға қатысты берген жаңа сұхбаты шынайы да ашық айтылған құнды пікірлер болды деуге болады. Барша халқымыздың мүддесін көздеген мемлекет басшысының тұжырымды да тұғырлы ой-толғамдары мыңдаған қазақстандықтардың болашағына айқын да ашық жол ашып, көңіліне сенім ұялатады деп ойлаймын.   

 

ЕЛ ҮМІТІ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА»

 

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 17 ақпанында «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Жайна Сламбекке берген сұхбатынан осындай ой түйдім. Мемлекет басшысы «Қаңтар көтерілісінен» кейін енді ғана ес жия бастаған ел тұрғындарын мазалаған 10 сауалға өз пікірін білдірді. Сұхбат барысында журналист бірқатар маңызды сұрақтар қойды және президент оларға нақты және тұщымды жауап қайтарды деп ойлаймын.

Әрине, халықты толғандырған «Қаңтар қасыреті» сұхбаттың басты арқауы болды. Осыған орай, президент қанды оқиғаның себеп-салдарына байыппен тоқталып, шеру кезіндегі бүлдіруші топтарға қатысты ой-тұжырымдарымен бөлісті. «Бір сөзбен айтқанда, соңына қарай алаңға нағыз лаңкестер шықты. Бүлікшілер мыңдаған қару-жарақты ұрлап кетті. Қазіргі уақытта полиция оларды іздеп жатыр. Әзірге түгелдей табылған жоқ. Бұзақылар сол қарудан тағы да оқ атуы мүмкін. Сонда мұны кім істеді деген сұрақ туады.Кім жасады? Бейбіт шеруге шыққандар ма? Шын мәнінде бұл – кәсіби қарақшылардың ісі», - деген Қ.Тоқаевтың сөзі көпшіліктің ойымен үндес көрінді. Яғни, елде мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынған қаскөйлер бейбіт шеруді өз мақсаттарына пайдалануға тырысқаны айқын. Шынында да, «Қарапайым азаматтар өздерінің сүйікті қаласын өз қолымен қиратпайтыны белгілі», - деген президенттің тұжырымына көзі ашық жанның қай-қайсысы да келіседі.

Сондай-ақ мемлекет басшысы «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Ж.Сламбектің жаппай шеру кезінде жазықты-жазықсыз ұсталып, түрмелерге қамалған азаматтардың «азап шегуіне» байланысты қойған сауалына жауап берді. Ол Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға арнайы тапсырма бергенін жеткізе отырып: «Шаш ал десе, бас алатын» әрекеттерге жол беруге болмайтынын айтты. Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы «әрбір іс бойынша әділ шешім шығару – өзінің де басты ұстанымы» екенін аңғартты. Сондай-ақ президент халықты жалған ұрандардың жетегінде кетіп қалмауға шақырды. Ондайда тәжірибесіз жастардың бүлікші топтардың арбауына түсіп, нәтижесінде ел тыныштығы бұзылатынын ескертті. «Бізге керегі – асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес, міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізу. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым деді», - Мемлекет басшысы. Расында, «Қаңтар көтерілісі» кезіндегі бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарының мақсатына үйлеспейтін теріс әрекеттер мен жаппай тәртіпсіздікті кім ұйымдастыруы мүмкін дейтін сауал қалың жұртшылықты әлі де толғандырып отыр. Сондықтан сұмдық оқиғалардың ар жағында қандай сұмырайлардың тұрғандығын әрбір ел азаматы білгісі келетіні түсінікті жайт. Қанды қаңтар күндерінде Алматы ғана емес, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары да айрықша зардап шеккені мәлім. Лаңкестер мен әскерилердің оғынан еліміздің 227 азаматы қаза тапты. Президент қаза болғандардың тағдыры алдағы тергеу кезінде нақтылана түсетінін және мұндай оқиғаның қайталануына жол бермеу қажеттігіне баса назар аударатынын жеткізді.

Сұхбат барысында президент тәуелсіз Қазақстанның «құдайы көршісі» - Ресей мемлекетімен арадағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастар жөнінде терең сөз қозғады. Қазақтар мен орыс халқының ұзақ уақыт бедеріндегі дәстүрлі мәдени-әлеуметтік, саяси және сауда-экономикалық байланыстарының тұрақты дамып келе жатқанын атаған ол «Мәскеудің қазақ жеріне, әсіресе солтүстік облыстарымызға көз алартуы» жайындағы сауалға кәнігі дипломат ретінде өте сауатты жауап берді деп санаймын. Сөз арасында: «Маған В.Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды», - деді ол. Сонымен қатар Қазақстан президенті алдағы уақытта мемлекеттік тіл мәселесіне ұдайы көңіл бөлетінін, арнайы қаулы да қабылданатынын айтып қуантып тастады. Ал латын әліпбиіне көшу – күн тәртібінде тұрғандығын, бірақ асығыс шешім қабылдауды қаламайтынын білдірді.

Мемлекет басшысы «Алматының жаңа әкімі», «Елбасы тұлғасы», «Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару» т.б. халықтың көкейінде жүрген түйткілді тақырып-сауалдарға қатысты өз пайымдауларын баяндады. Біздің ойымызша, шетелдегі миллиардтаған ақша елге қайтарылса, ел тұрғындарының еңсесі көтеріліп, мыңдаған кедей отбасылардың тұрмысын көтеруге оң ықпал етері күмәнсіз. Қазақ байлары қаражатын шетелге жасырғанша өз елімізде зауыттар мен оқу орындарын ашса, мемлекетіміздің болашақ дамуына елеулі үлес қосар еді. Президент айтқандай, шетелдегі қаражатты ғана емес, жат елдерде оқып, Отаннан жырақта қызмет атқарып жүрген білімді жастарымызды елге қайтарудың да маңызы зор. Оның бұл пікірі «Ескі кадрлармен Жаңа Қазақстанды құра аламыз ба?» деген журналист сауалына орай айтылған болатын. Президент бәрін бірден өзгерту оңай еместігін еске сала отырып, «Сабыр түбі – сары алтын» деп түйіндеді. Меніңше, мемлекет басшысы қандай проблема болса да дипломатиялық түйсікпен, салқын ақылмен шешуді жөн көреді. Сұхбат соңына қарай, президент қоғам алдында тұрған ең маңызды мәселе бойынша салмақты ойларын жеткізді. «Қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету» деп сөзін сабақтаған Мемлекет басшысы «тәртіпсіз ел болмайды» дейтін халық даналығына жүгіне отырып, заңсыздық жүрген жерде көптеген кесір қылықтар мен кемшіліктердің туындайтын, өз кезегінде мұның еліміздің тұрақты дамуына кері әсер ететіндігін жеріне жеткізе айтты. «Менің ұстанымым: қоғамда заң мен тәртіп болса ғана, ел ішінде үйлесім, бейбіт өмір болады. Заң – кез келген өркениетті қоғамның басты өлшемі. Заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қысқасы, Ел президентінің сұхбатынан түйгенім, Ата заңға жүгініп, ақиқат пен әділдікке сүйенбей «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес екен. Ендеше, ең алдымен билік басындағы шенділерден бастап қарапайым ел тұрғындарына дейін әділеттің ақ жолына түсіп, мемлекеттік жүйе мен құрылымдардың барлығы жемқорлықтан арылса, Қазақ елі тәуелсіздігін мәңгі сақтап, байтақ еліміз бен жеріміз мамыражай тұрмыс пен тіршіліктің құтты ордасына айналса екен деп тілеймін!

Серікбай ҚОСАН, ф.ғ.к., әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ филология

факультеті қазақ әдебиеті

және әдебиет теориясы

кафедрасының аға оқытушысы

 

БОЛАШАҚТАН ЗОР ҮМІТ КҮТЕМІЗ!

 

Қаңтар айының басында лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Көптеген адамдар жақындарына айырылды, кәсіпкерлер миллиондаған қаражатынан айырылды. Ең сорақысы, бейбіт халық жапа шекті, қаншама жастарымыз құрбан болды. «Қаңтар трагедиясы» деп аталып кеткен оқиғадан кейін елімізде көптеген жаңалықтар белең алды. Осы оқиғадан соң Қазақстан халқы жарқын болашаққа нық қадам басты деп ойлаймыз.

Бәрімізге белгілі 28 қаңтар күні 1999 жылы негізі қаланып,
еліміздегі жетекші партия болып есептелінетін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезі өтті. Тарихи маңызы бар съезден күтеріміз де көп болды. Ең алдымен, қазақ елі ары қарай қандай бағытта дамиды, ел болашағы қандай болмақ , қандай саяси өзгерістер болады т.б. келелі сұрақтарға шешім беретін тарихи жиын болатынына сендік. Ал "Нұр Отан" партиясының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың партия төрағасы болып сайлануы мұның айқын айғағы болды.

Ең алдымен, білім саласы бойынша Президентіміздің 2025 жылға дейін беделді бес шетелдік университеттің филиалын ашу тапсырмасы қуантады. Бәсекеге қабілетті жастардың халқымыздың болашағы үшін аянбай қызмет ететініне сенімі мол екендігін көрсетеді.

Болашақта ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әділ де дұрыс саясатының арқасында Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына сенеміз!

 

Қазыбек Г.Қ. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры 

Бектурова Э.К. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы 

Берекеміз- бірлікте

 

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығару керектігін жақындағы басымыздан өткерген күндер мойындатты. Қазақ халқы үшін қабырғасы қайысқан күндер болды. Бүл туралы президентіміз Қ.Тоқаев парламенттегі жиналыста терең толғаныспен айтты. Жан-жақты талқыланған жиында еліміздің жаңа экономикалық түғырын, нарықтық экономиканы дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілік мәселесі де сырт қалмады. Ұрпақ болашағы үшін жауапкершілікті кәсіпкерлерді дайындау, бизнестегі бюракратизмді жою, мемелекеттік тұрғыда оларды қолдау бәрін заң жүзінде іске асыру қарастырылды. Кейбір банктердің әркетін қайта қарастыру, шағын және орта бизнестегі әділ бәсекелестікті қалыптастыру көзделді. Бәскелестікті қорғау агенттіктердің қызметіне кешенді ұсыныстар жасауды кейбір қорлардың қызметін қайта пайымдау, күмәнді болған әрекеттерін қайта қарастыруды тапсырды. Үкіметке сол секторларды реформалауды тапсырды. Алдағы уақытта «Қазақстан халқына» атты халықтық қорды құруға ол тек халықтың мүддесіне жұмыс жасайтын бағыт алатынын атап өтті. Жекешелендіруге қатысты әркеттердің ашық болуын тапсырды. Ел экономикасындағы өңдеу экономикасын әлі әлсіз екенін өкімет бұл салаларға терең талдау жүргізу, бәсекеге қабілетті секторларды анықтауды өкіметке тапсырды.

Оңтүстік пе батыс өңірдегі ұлттық приоритетке, мәдениет пен тәрбиеге мән беру керектігіне тоқталды. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында жастардың тәрбиесі мен мәдениеті өңірді қолдау, халықпен санасу, халықтың мұңына мән беруге ел экономикасының тетігі екенін айтты. Мемлекеттік басқарудағы кемшіліктерді, мамандарды дайындаудағы ашықтықтың маңызды екенін, қызметтік өсуде асыра сілтеушілік болмауын негіздеді.

Президенттің болмысындағы мәдениет пен терең білім білім мәселесіндегі де түйткілді мәселеге соқпай кетпеді. Болашақ жастардың, ел азаматтарының осы тұрғыда сұңғыла болып қалыптасуына көмектесетінін түсінгендіктен айтып отыр. Сондықтан болса керек ЖОО бәсекеге қабілетті болуға әсіресе әлемдік бәсекеде орын алатындай даму болу керектігіне басымдық танытты. Білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, гумманитарлы білім бағытын техникалық бағытқа қарай бұруды ұсынды. Елімізге білімді де тәжірибелі технар мамандардың зәру екендігін, ғылым мен техниканың заманында сұраныстың маңызды екеніне мән берді. Мамандарды дайындауда заман талабына сай икемделген жаңа мамандықтардың пайда болуын көздейді. Мен ойлаймын біз қазіргі кезде ЖОО жаңа икемге негізделген қысқа мерзімді мамандықтарды ашып, жұмыс берушілердің сұранысына орай негізделген мамандарды дайындауымыз керек. Бұрынғы тапталған жолдың бізді тығырыққа тірейтіні байқаймыз. Сондықтан жаңаға тез икемделуіміз керек. Сондықтан елімізде шетелдік ЖОО филиалдарын ашу, тәжірибе алмасуды дұрыс түсінуміз керек. Президенттің жақын арада 5 әлемдік ең үздік ЖОО филиалын ашуды тапсыру осыны көздейді.

Демек, қазақ халқының қабырғасы қайысқан күндерде халқымыздың өткен күндеріне сараптама беріп ауызбіршілікте, еліміздің өркендеуінде үлес қосатын тиімді тұстарды іске қосуы керек. Бұл ұлтымыз бен мемлекетіміздің тұтастығын нығайтуға септігін тигізетіні анық.

 

Сәуле Баймырзақызы

ҚазМҰУ, ф.ғ.д.,профессор

 

Жаңа Қазақстан – жаңа белесте

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін 2022 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан халқына жаңа Үндеуін жариялады. Мемлекет басшысы елімізде орын орын алған халықаралық лаңкестік оқиғаларды саралай келе, жаңа дәуірдегі тәуелсіз Қазақстанның жаңа бағытта даму керектігін атап өтті. Біз Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың бүгінгі Үндеуінен Қазақстан халқын болашақта жарқын жолдардың күтіп тұрғандығына сенім білдіреміз. Мемлекет басшысының қоғамды сауықтырудың бірнеше жолдары мен бағыттарын нақты атап беріп, жаңа сайланған Премерь -министрге нақты тапсырмалар берді. Ел экономикасын өркендету, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен ғылым саласын дамыту тағы басқа өзекті мәселерді күн тәртібіне қойып, нақты шешу жолдарын айқындады. Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың болашақтың кілті мектептен бастау алатындығына тоқтала отырып, жаңа заман талабына сай техникалық кадрларды даярлаудың маңызы зор екендігін ерекше атап өтті. Кешегі Қазақстанда орын алған дүрбелеңнен кейін еліміздің егемендігі, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығы тек Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың маңына топтаса және оны қолдай отырып бұл қиыншылықты еңсеріп шығатынымызға сеніміміз мол. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері мен оқытушы профессорлық құрамы әрқашанда Мемлекет басшысының ұасынан табылып, қолдау көрсетеді. Кешегі қаңтардағы болып өткен қанды қырғын елімізде қайта қайталанбайды деп сенемізх. Ол үшін әрбір қазақстандық еліміздің дамуына өз үлестерін азаматтық арымен еңбек ете білуі тиіс.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Жамбыл ғылыми зерттеу орталығының директоры

ф.ғ.д., А.А. Мауленов

БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ ОЗАДЫ...

 

2022 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, мемлекетіміздің бірлігін, бейбітшілігін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру мақсатында жасаған мазмұнды баяндамасында үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, біраз лауазымдарға өзгерістер енгізді. Атап айтсақ, премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты және Мемлекеттік хатшы лаузымына Ерлан Қарин тағайындалды.    

Ел Президентінің Қазақстан халқына айтқан үндеуі әрбір қазақстандық азаматқа нақты айқын жол көрсетті деп білеміз. Болашақтағы қазақ елінің бірлігі мен қауіпсіздігі туралы айтқан тұжырымды ойлары көпшіліктің қолдауына ие болды. «Бірлікті ел бұзылмас» дегендей тәуелсіз қазақ елінің тұтастығы мен тұрақтылығы осы бірліктің арқасында деп білеміз. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арман мұраты – қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгілік болсын! Ел іші аман, іргеміз берік болсын!

Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ұжымы еліміздің тыныштығы мен ұрпақтарымыздың жарқын болашағы, бейбіт өмірі үшін Ел Президентінің ұстанымдары мен жолдауларын толық қолдайды және жүзеге асыруға атсалысады деген сенімдеміз.

 

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің

 профессор м.а., ф.ғ.к.

Сарбасов Болатхан Серғазыұлы