Lingua клубының мүшелері ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексін талқылады

28.02.2023

Көрулер: 564

2023 жылдың 28 ақпан заң факультетінің 1 курс студенттері ҚазҰУ Студентінің Ар-намыс Кодексін талқылап, клуб отырысын өткізді. Студенттер белсенділік танытып, өздерінің сұрақтарын қойды. Кодексте берілген 13 баптың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. 

Университетте оқитын әрбір білім алушы ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, Ішкі тәртіп Ережесіне, Жатақханада тұру Ережесіне және басқа да ҚазҰУ-дың нормативті актілеріне бағынуы тиіс екендігі және университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтауға, оларды құрметтеуге міндетті екені сөз болды. Оқытушылармен, қызметкерлермен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік, ұқыптылық танытуға, құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс екендігі де баса айтылды.

Сондай-ақ студенттер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенті туралы Ережеде көрсетілген студенттердің міндеттерін, құқықтарын, мәртебесін талқылады. ҚазҰУ Жарғысында, ҚазҰУ студент-терінің Ар-намыс кодексінде көрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін студенттерге тәртіптік шаралар қолданылатыны ескертілді.

«Lingua»  клуб жетекшісі  Қ.А.Айсултанова