«Ақтастағы Ахико»

27.02.2023

Көрулер: 504

Педагогикалық тәжірибе барысында 24 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті «Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының магистранттары Н.Масек, С.Дабылқызы 2-курс бакалавр студенттерін театрға апарды. «Филология: қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері «Ақтастағы Ахико» қойылымын тамашалады. Қойылым соңында студенттер қазіргі заман драматургиясы туралы ойларымен бөлісті.