Жаналықтар

Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!

14.04.2023

ҚР ЖОО-дағы өзге ұлт (түркі тілдес емес) студенттерінің мемлекеттік тілді білуімен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды тану деңгейін көтеру мақсатында 2023 жылдың 14 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, Ақымет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!» атты дәстүрлі, республикалық зияткерлік-танымдық ОЛИМПИАДА өтті.

Ары қарай оқу >>

Белгілі ғалым-этнографпен кездесу

14.04.2023

2023 жылдың 14 сәуірінде қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының жанындағы «Жәдігер» клубы (жетекшісі – ф.ғ.к. С.Д. Дәрібаев) белгілі ғалым-этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Катранмен кездесу ұйымдастырды. Кездесу аясында зерттеуші филология факультетінің студенттеріне «Қазақ дәстүрлі ас-тағам мәдениеті» тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

«Тұрақты даму» бағдарламасы аясында «Кедейшілікті жою» тақырыбына арналған дөңгелек үстел.

10.04.2023

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары ф.ғ.к. Айсұлтанова Қ.А., Алиярова Л.М., Мусанова Г.А., Утегенова К.Ч. және Атабаева Г.К. «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» атты БҰҰ бағдарламасы аясында «Кедейшілікті жою» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Дәуір ырғағы: А.Л. Жовтиспен өткен ұмытылмас кездесулер»

05.04.2023

         2023 жылы 5 сәуірде түркітану және алтаистика ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы және "Дәуір және тұлға" жобасын ұйымдастырушылары «Дәуір ырғағы: А.Л. Жовтиспен өткен ұмытылмас кездесулер» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі бөлімінің ғалымы түрік журналына сұхбат берді.

01.04.2023

А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Құлжанова Бақытгүл Райханқызының Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына байланысты сұхбаты Түркияның Temrin журналында жарық көрді.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы

01.04.2023

Әл-Фараби университетінің Әл-Фараби кітапханасында 1 сәуірде «Тіл және рухани ұлттық құндылықтар: саралау, жүйелеу, негіздеу» атты Республикалық ғылыми семинар болды. Ғылыми семинарды А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Б. Салқынбай жүргізіп отырды. 

Ары қарай оқу >>

Clean water, sanitation, affordable and clean energy are necessary conditions for human race existence тақырыбына Халықаралық Дөңгелек Үстел

30.03.2023

2023 жылдың 30 наурызында шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Махметова Д.М., Мулдагалиева А.А., Гумарова Ш.Б., Луговская Е.И., Исабаева Б.К., Жиреншина К.А., Несипбаева З.С. қауымдастырылған профессор Нәжіпқызы Меруертпен (Химия және Химиялық Технология факультеті) және техникалық ғылымдар кандидаты Нурмуханова Альфиямен, (Физика- Техникалық факультет) бірге БҰҰ Clean water, sanitation, affordable and clean energy are necessary conditions for human race existence тақырыбына Тұрақты Даму Мақсаттары Бағдарламасының аясында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

“Welcome, Nauryz Day”

30.03.2023

Білім мен тәрбиені ұштастыру мақсатында Наурыз мейрамына қарсы дәстүр бойынша шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Момбекова, Биология жәна Биотехнология факультеті студенттерінің қатысуымен,”Welcome, Nauryz Day” атты іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>