«Дәуір ырғағы: А.Л. Жовтиспен өткен ұмытылмас кездесулер»

05.04.2023

Көрулер: 457

         2023 жылы 5 сәуірде түркітану және алтаистика ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы және "Дәуір және тұлға" жобасын ұйымдастырушылары «Дәуір ырғағы: А.Л. Жовтиспен өткен ұмытылмас кездесулер» атты дөңгелек үстел өткізді. Кештің құрметті қонағы және спикері ретінде қазақ әдебиеті тарихының оқытушысы, жазушы сонымен қатар аудармашы Қайрат Жаңабаевқа сөз берді. Модератор филология ғылымдарының докторы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, Түркітану және алтаистика ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы болды.

Кездесу барысында Қайрат Жаңабаев Александр Жовтиспен танысу тарихына тоқталып, сондай- ақ жазушы, аудармашы ретінде сол кездегі 14 жастағы жасөспірімнің өмірлік және кәсіби таңдауына қалай әсер еткеніне тоқталып кетті. Сонымен қатар, Александр Лазаревичтің дәрістерінде болашақ филолог және әдебиетші Жаңабаевтың мәдени ұлттық ой- өрісі қалыптаса бастады.