“Құтқару және сақтап қалу”

13.04.2023

Көрулер: 509

2023 жылдың 13-сәуірінде химия және химиялық технология факультетінің 2-курс студенттері арасында “Құтқару және сақтап қалу” тақырыбында экологиялық акция өтті. Акцияның мақсаты: студенттердің бойында экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру. Аталмыш іс-шара барысында әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайдың өзекті мәселелері талқыланды, ыдырауы қиын зиянды қалдықтар жайлы және пластиктен бас тарту туралы сөз қозғалды. Талқыланған мәселелердің ішінде факультеттегі тазалық пен тәртіп мәселесі де болды. Экологиялық проблемалар туралы видеороликтер көрсетілді. Акцияның соңында студенттер өз тарапынан факультетте “таза бейсенбі” күндерін өткізуді ұсынды.