Clean water, sanitation, affordable and clean energy are necessary conditions for human race existence тақырыбына Халықаралық Дөңгелек Үстел

30.03.2023

Көрулер: 815

  

2023 жылдың 30 наурызында шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Махметова Д.М., Мулдагалиева А.А., Гумарова Ш.Б., Луговская Е.И., Исабаева Б.К., Жиреншина К.А., Несипбаева З.С. қауымдастырылған профессор Нәжіпқызы Меруертпен (Химия және Химиялық Технология факультеті) және техникалық ғылымдар кандидаты Нурмуханова Альфиямен, (Физика- Техникалық факультет) бірге БҰҰ Clean water, sanitation, affordable and clean energy are necessary conditions for human race existence тақырыбына Тұрақты Даму Мақсаттары Бағдарламасының аясында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Бұл ғылыми іс-шараға шетелдік спикерлер қатысты: Түркиядан келген жас зерттеуші Ягмур Бенгису Гюнгюр (Эскишехир Техникалық Университеті, Химиялық Инженерия Кафедрасы, Түркия, ғылыми жетекші профессор Эсин Апайдын Варол), физика және робот техникасы мұғалімі Игорь Владимирович Трунов (МКБМ, МТБМИ №73, Мәскеу қ., Ресей), магистрант Мария Игоревна Трунова (ғылыми-зерттеу университеті: «Жоғары Экономика Мектебі», экономика бакалавры, Ресей, Мәскеу қ.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химия технологиясы факультетінің және физика-техникалық факультетінің 1 курс магистранттары мен бакалаврлары.   Дөңгелек үстелдің жұмысы ZOOM платформасында ағылшын, орыс және неміс тілдерінде онлайн форматта өтті.

 

Бұл ғылыми іс-шара модератор рөлін атқарған шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Д.М. Махметованың құттықтау сөздерінен басталды. Сәлемдесу бөлімі аяқталғаннан кейін баяндамашылар баяндама жасады. Баяндамашылардың әрқайсысы Қазақстанда және бүкіл әлемде жасыл энергия, суды тазарту және су ресурстарын сақтау саласындағы өздерінің ғылыми әзірлемелері мен идеяларымен бөлісті.

          Игорь Владимирович Труновтың баяндамаларын ерекше атап өткім келеді, онда ол LEGO конструкторын қолдана отырып, физика және робот техникасы сабақтарында жобалау жұмыстарын жүргізудің қызықты әдістемесімен және баяндамасы гидрофобты-олеофильді биокөміртекті материалды қолдана отырып, теңіз суын мұнай төгілуінен тазартудың экологиялық қауіпсіз әдісіне арналған Ягмур Бенгису Гюнгюр ханым да баяндамасымен бөлісті.   Әр баяндамадан кейін баяндамашыларға сұрақтар қойылды.

 

          Бұл іс-шара «What can we do to provide all people with an access to clean water?» тақырыбына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және Химиялық Технология факультетінің бірінші курс студенті Кудабай Гульназ шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттермен бірлесіп: Бисенгалиева Гаухар (Бурдур Мехмет Акиф Эсрой университеті, Түркия), Жакимова Гаухар (Милан Университеті, Италия) және Жанар Кайрова (Саймон Фрэйзер университеті, Канада) дайындаған.

Видео материалдарға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=aaKxBVgwQeM

Фото материалдарға сілтеме: 

 

        https://drive.google.com/drive/folders/1Q9J3Q8mM6yTAkQ4P7xeLPjGM7O8L21dj?usp=sharing