«Тұрақты даму» бағдарламасы аясында «Кедейшілікті жою» тақырыбына арналған дөңгелек үстел.

10.04.2023

Көрулер: 734

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары ф.ғ.к. Айсұлтанова Қ.А., Алиярова Л.М., Мусанова Г.А., Утегенова К.Ч. және Атабаева Г.К. «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» атты БҰҰ бағдарламасы аясында «Кедейшілікті жою» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті және Заң факультетінің 1 курс студенттері, сондай-ақ Түркияның Карабүк және Стамбул техникалық университетінің бірінші курс студенттері қатысты.

Негізгі баяндамашы Стамбул техникалық университетінің студенті Мансур Булатов болды. Бұл дөңгелек үстел өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың еңбекке, білімге деген тұрақты ынтасын ояту, халықтар арасындағы достықты нығайту сияқты мақсаттарды көздеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Түркиядан келген достарымен бірге берілген тақырып бойынша презентациялар, бейнематериалдар мен ойындар дайындап, қызықты мәліметтермен бөлісті. ҚазҰУ-дың оқытушылары өз пікірлерін білдіріп, қызықты баяндамалары үшін студенттерге алғыстарын білдірді. Дөңгелек үстел өте қызықты, мазмұнды өтті және әрбір студент бұл кездесуден пайдалы нәрсені үйренді. Дөңгелек үстел оффлайн және онлайн ZOOM платформасында ағылшын тілінде ұйымдастырылды.